№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мезі қылған мал иесіне айыппұл салынды

Мезі қылған мал иесіне айыппұл салынды

Жаңақорған кентінің сәні мен салтанаты оның жасыл желекке жамылған талдары мен қызылды-жасылды гүлдермен көмкерілген гүлзарлары мен мұнтаздай таза көшелері. Көркі келіскен кенттің өзінде оның шырайын ашатын саябақтар мен демалыс орындары аз емес. Әрқайсысына өзіндік ерекшеліктері тән.
Бірақ, иесіз малдардың кент көшелерінде емін-еркін жүруі тұрғындардың орынды өкпе-ренішін тудыруда. Олай дейтініміз, әлгі малдарымыз жасыл өскіндерге жаудай тиіп, жапырып барады. Сонымен қатар, көшелердегі жылқының бейберекет тезегі мен сиырдың жапасы былайғы жұртшылыққа жайсыздық әкелуде.
Бүгін жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп демалыс күні болса да, кенттің тазалық мекемесінің 15 азаматы көше-көшені аралап, оншақты төрт төлікті арнайы орынға әкеліп, қамауға алды.
Ал, мал қожайындары бейқам. Оларға осы тірлік ұнайтын сыңайлы. Аймағымыздың шырайына кері әсерін тигізіп жүрген осынау кереғар көріністерге қатаң шара қолданып, айыппұл да салынуда. Мысалы, кент көшелерінде жүрген бір үйір жылқының иесіне айыппұл салынып, алдағы уақытта қайталамайтынын жеткізді. Бірақ, өзге жүрген төрт түліктің иесі анықталуда.
Сол себепті меншіктеріңіздегі малдарыңызға егелік етіп, таңертеңгі мезгілде падаға қосып, кешке алдынан күтіп алуды күнделікті қадағалау, көше бойына бей берекет жібермеу қажеттігі сұралады. Себебі, егесіз көшеде жүрген мал біріншінден кент орталығының тазалығына, екіншіден автокөлік қозғалысына кері әсерін тигізуде.

12 шілде 2024 ж. 230 0