"Желтоқсан–тәуелсіздік ұлы рухы
Тәуелсіздік күніне орай А.Сопыбеков атындағы аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен
"Желтоқсан- тәуелсіздік ұлы рухы " атты Желтоқсан оқиғасына қатысқан тұлғалармен кездесу кеші болып өтті.
Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, жастардың желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. Жастардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін арттыру, сезімдерін ояту.
Іс-шараға Жаңақорған аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Ә.Сыздықов, аудандық кітапхана директоры А.Тилеубергенова, желтоқсан оқиғасына қатысушылар Д.Ахметова, Қ.Кемелова, Жастар Ресурстық орталығының директоры Н.Орынбасаров және кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Шараны Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Ә.Сыздықов ашып, желтоқсаншы Д.Ахметова және Қ.Кемелова апайларымызды, оқырмандарды еңбекпен қажырлықтың арқасында келген қуанышы мен мұңы бірге жүретін-Тәуелсіздіктің торқалы тойымен құттықтады. Шара барысында желтоқсаншылар 1986жылғы желтоқсан оқиғасы мен естеліктерімен бөлісіп, алаңда болған оқиға жөнінде өз көргендерін айтып, бір сәтке өткен күнге оралды.
Шарада кітапхана оқырманы Г.Елеусін Тәуелсіздікке арнауын оқыса, мәдениет үйінің әншісі К.Өскенбай Тәуелсіздікке арналған "Тәуелсіздік " термесін орындады. Мәдениет саласының үздігі Ә.Бәйкенжеев "Жаңақорған " әнін тарту етіп,"Нұрай-Қыдыр бөбекжай" балабақшасының бүлдіршіндері көркем сөз оқығанын тамашалады.Кітапханашы З.Садыкова "Тарих тағындағы-Тәуелсіздік "атты кітап көрмесімен таныстырды.
Шара соңында Жастар Ресурстық орталығының директоры Н.Орынбасаров және аудандық кітапхана директоры А.Тилеубергенова жылы лебіздерін білдіріп кешті қортындылады.