№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ​Халық қалаулысы ел ішінде

​Халық қалаулысы ел ішінде

ҚР Парламент мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының депутаты мүшесі Мұрат Әбенов кезекті жұмыс сапарымен Жаңақорған ауданында болып, бірнеше әлеуметтік нысандарды аралады. Құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, іс басында жүрген мердігерлермен кездесті. Сондай-ақ, аудан тұрғындарының да жеке мәселелерін тыңдап, шешілу жолдарын саралады.
Биыл Жаңақорған ауданында әлеуметтік нысандар құрылысының саны екі есеге артты. Олардың барлығы жыл соңына дейін толық беріледі деп күтілуде. Осы ретте мәселелер де жоқ емес, оны жүйелеп жақсы жағына бұруда халық қалаулылары да қарап қалмауы тиіс.
Аудан әкімі Мажит Самитов бастаған топ алдымен «Қамқорлық» оңалту орталығына барып, жұмыс барысын тағы бір көзден өткізді. Іргетасы 1958 жылы қаланған ескі емхана ғимаратын күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 320 млн теңге бөлінген. «Қазақстан Халқына» қорынан бөлінген 330 млн теңгеге қондырғылар мен құрал-жабдықтар алыныпты. Жалпы құны 650 млн теңгеге жаңа орталық іске қосылып, балалар ем қабылдауда. Аталған қаржыға толық күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, қондырғылары орнатылған. Жақын күндері салтанатты түрде ашылуы өтеді деп күтілуде. Орталық ашылғанда 500-ге жуық ерекше күтімді қажет ететін балалар оңалту шараларымен қамтылатын болады.
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов керек-жарақтармен, яғни, балаларға арнайы алынған құрылғылармен танысты. Әрбірінің қалай жұмыс жасайтынын, оны қалай қолдану керектігін көрді. Санитарлық тазалық, балалардың ем алуын, мамандардың біліктілігін, олардың арнайы оқу курсында болғаны жөнінде де жауап алды. Асханасы болмағанымен, тамақ таситын арнайы тасымалы бар екен. Бір кілтипан эрготерапевт кабинетіндегі құрылғыға орнатылған орыс тілді жазуды қазақ тілінде аудару қажеттілігі ескертілді. Жалпы құрылыс жұмысына оң баға берілді.
– Біздің мақсат ауыл-аймақтардағы салынып жатқан құрылыс нысандарын аралап, қажеттіліктер болса жоғары билікке жеткізу болатын. Біріші кезекте, оңалту орталықтарын нысанаға алып, жай-күйімен танысып шықтық. Осы бағытымызды Аралға дейін жалғастырып, туындаған мәселелер болса түртіп алып, тиісті мінберге шығаруға әзірміз, – деді Мәжіліс депутаты.
Жаз мезгілінде Саяжай мөлтек ауданындағы 600 орындық «Жайлы мектеп» құрылысының жұмысы қызу жүріп жатыр. Мердігер мекеме «Аман-Құрылыс» ЖШС жұмысты уақытында бітіруге барын салуда. Мұрат Әбенов құрылыс талаптағыдай және межелі уақытта бітуі қажеттігін, қандай да мәселе туындағанда хабардар етуді ескертті. Жалпы мектептің құны 4,4 млрд теңге, әрине аз қаражат емес, сондықтан тездетіп бітіруді тапсырды.  Сол секілді «Жайлы мектеп» құрылыс Жаңарық ауылында да салынуда. Бұл білім ошағы да биыл ел игілігіне беріледі. 
Биыл Төменарық ауылында сүйіншілейтін хабар көп. Соның бірі жаңа ауруханының салынуы, бұл құрылыс та биылдан қалмай ауыл халқының игілігіне табысталады. Делегат 15 орындық ауруханының құрылыс барысымен танысып, нақты жұмыстарды жүйеледі. Бір емес, бірнеше ауылдың тұрғындарын қабылдауға қауқарлы жаңа нысанның да жұмысына әзірге оң баға берілді. Соңынан барып «AMANAT» партиясының аудандық филиалында тұрғындарды жеке қабылдап, мәселелерін тыңдады.
Әли ТЕМІРБЕК
07 шілде 2024 ж. 183 0