» » ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ


Қ. Р. Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Р. Т. Рахымбеков Жаңақорған ауданына жұмыс сапармен келді.
Сапар барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Бекболат Жүнісәліұлы Шәріпбековпен бірге партияның аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері аудан көлемінде салынып жатқан құрылыс нысандарының жұмыс барысымен таныстырды. Оның ішінде "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында салынып жатқан "Саяжай" ықшам ауданындағы 600 орындық мектеп құрылысы, Жаңарық ауылындағы 300-орындық мектеп құрылысы және Аудан орталығында салынып жатқан «Руханият» орталығының
құрылысының жай-күйімен танысып, нысандардың сапалы салынуын басты назарға алды.
Қазіргі таңда Саяжай ықшам ауданындағы 600 орындық мектеп құрылысы 60%, Жаңарық елді мекеніндегі 300 орындық мектеп құрылысы 55%-ға орындалған.
07 маусым 2024 ж. 159 0