№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бірлікке бастаған берекелі басқосу

Бірлікке бастаған берекелі басқосу

Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтті. Шанхай ынтымақтастық ұйымы халықаралық қатынас жүйесіні маңызды тетігіне айналды. Бұл туралы саммитте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Саммитке Қазақстан, Қытай, Ресей, Моңғолия, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Беларусь, Тәжікстан, Өзбекстанның президенттері және бірқатар елдердің үкіметтік делегациялары келді. Сонымен қатар, саммитке ШЫҰ Бас хатшысы және ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының Атқарушы директоры қатысып жатыр.
Мемлекет басшысы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту ынтымақтастықтың тағы бір маңызды бағыты екенін айтып, ортақ трансеуразиялық дәлізді одан әрі дамыту керектігін алға тартты.
Әлемдік экономикада жағымсыз үрдістер белең ала бастады. Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша биыл жаһандық экономиканың өсім қарқыны бәсеңдейді. Әлем экономикасының өсіміне серпін беретін жаңа бағыт және мүлде басқа даму парадигмасы қажет екені анық. Сондықтан, біздің ойымызша, сауда-экономикалық кооперацияны кеңейту, капитал мен технологияның еркін қозғалысына жағдай жасау, климаттың сын-қатерлерімен күресу – Шанхай ұйымының маңызды міндеттері, – деді Президент.
Алдын ала мәлімет бойынша, ШЫҰ саммиті алғаш рет «ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы» және «ШЫҰ+» кездесуі форматында өтеді. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы барысында Астана декларациясы, 20 шешім, мемлекет басшыларының 3 мәлімдемесі, оның ішінде «Әділ бейбітшілік, келісім және даму үшін әлемдік бірлік туралы», «ШЫҰ-ны жетілдіру туралы» бастамасы қабылданады.

Балжан ЖАҢАБАЕВА

04 шілде 2024 ж. 179 0