№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті – 2024

Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті – 2024


Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне 700 журналист қатысты. Мұның 500-і шетелдік БАҚ өкілдер. Саммит барысында журналистердің жұмысы үшін бірінші және екінші қабаттан үш зал әзірленді.  Шанхай ынтымақтастық ұйымын 2001 жылы Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан елдері құрған болатын. Кейінірек одаққа Иран, Үндістан және Пәкістан қосылды. Бүгін, 4 шілдеде елордада өткен саммитте Беларусь мемлекеті ұйымға ресми түрде қосылды.
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымға мүше болу үшінБеларусь мемлекеті қажет рәсімдердің барлығын орындағанын айтып, осы елді ресми түрде ұйым қатарына қабылдауды ұсынды. Нәтижесінде, бұған дейін ұйымға мүшелік еткен тоғыз елдің басшысы құжатқа қол қойып, мүше мемлекеттер саны онға жетті.
Іс-шараға Қазақстан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия, Әзербайжан, Қатар, Түркия және Түрікменстанның Мемлекет пен Үкімет басшылары, БАӘ-ден Рас әл-Хайма әмірлігінің әмірі, Үндістанның Сыртқы істер министрі, сондай-ақ ШЫҰ Бас хатшысы және ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының Атқарушы директоры қатысуда.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы беделді халықаралық ұйымға айналып, бірқатар жұмыстарды бірлесе атқарып жатқаны белгілі. Ұйымға мүше елдер қатарының толығуы алдағы уақытта ел болашағын жақсартып, даму жолымызға айтарлықтай септік боларына сенім мол.

                                                                                                                                              Жәмила ЕРМАХАН
04 шілде 2024 ж. 223 0