№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Шанхай ынтымақтастық ұйымы: Қазақстан мен Қытай қатынасы

Шанхай ынтымақтастық ұйымы: Қазақстан мен Қытай қатынасы

Шілде айының 2-4 жұлдызы аралығында Ел ордасы Астана қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтіп жатыр. Саммитте мемлекет басшылары ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Мемлекет басшылары кеңесінің тату көршілік, сенім және әріптестік қағидаттары туралы мәлімдемесін қабылдады.Сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің ауыз су және канализация қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мәлімдемесі; және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Мемлекет басшылары кеңесінің қалдықтарды тиімді басқару жөніндегі мәлімдемесі тыңдалды.
Бүгінгі таңда Шанхай ынтымақтастық ұйымы – қоғамда ірі геосаяси, геоэкономикалық тұрғыдан құрамында ірі державалары бар ұйым. ШЫҰ мүше мемлекеттердің үлесіне әлемдік жалпы ішкі өнімнің шамамен 30-дан астам пайызы, әлем халқының 40-тан астам пайызы тиесілі. Бұл көрсеткіш осы ұйымның рөлін, оның қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. «ШЫҰ негізгі мақсаттарының бірі – мүше мемлекеттер арасындағы өзара сенім мен татулықты нығайту. Одан бөлек сауда, экономика, технология, мәдениеттегі ынтымақтастықты дамыту. Ең бастысы, үш қауіпке, яғни «терроризм, экстремизм және сепаратизмге қарсы» өмірдегі бейбітшілікті, қауіпсіздікті бірге қамтамасыз ету. Осы тұрғыдан алған кезде еліміздің ШЫҰ-на төрағалығы маңызды.
Сондай-ақ ШЫҰ саммиті аясында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкіметтері арасында қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Жалпы, еліміз үшін осындай халықаралық дәрежедегі жиынды өткізу үлкен мәртебе әрі абырой деп білеміз.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ

04 шілде 2024 ж. 224 0