№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Партиялық бақылау жалғасуда

Партиялық бақылау жалғасуда

Бүгін “AMANAT” партиясы Жаңақорған аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелерімен бірге Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасының басшысы Қалиев Ғанижан Піртазаұлы, аудандық партия филиалының төрағасы Арман Мажитов, аудандық мәслихат төрағасы Сопбеков Ғалымжан және жергілікті тиісті бөлім басшысы сайлауалды бағдарламаға енгізілген "Саяжай" ықшам ауданы бекетіндегі 600 орындық мектеп құрылысына партиялық бақылау жасады.
Бақылау барысында анықталғаны. Мектеп құрылысы қазіргі таңда 35%-ға орындалған. Құрылыс басында 100 адам жұмыс жасауда. Оның 40-қа жуығы жергілікті жерден алынған жұмысшылар.
Комиссия мүшелері бас мердігер компания «Аман-құрылыс» ЖШС-нің өкіліне жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының партия бақылауында болатындығын, сонымен қатар қазіргі таңда істеп жатқан жұмыстарының сапалы болуы қажет екендігін атап айтты.
10 сәуір 2024 ж. 207 0