№70 (8884) 16

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (8883) 13

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (8882) 9

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Облыс әкімінің орынбасары құрылыс нысандарымен танысты

Облыс әкімінің орынбасары құрылыс нысандарымен танысты

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасы аясында облыс әкімінің орынбасары Бақыт Дүйсенұлы Жақанов Жаңақорған ауданына жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Бекболат Жүнісәліұлы Шәріпбеков бірқатар құрылысы жүріп жатқан нысандармен таныстырды. Соның бірі Жаңақорған кенті, "Саяжай" мөлтек ауданындағы «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында салынып жатқан 600 орындық және Жаңарық елді мекеніндегі 300 орындық мектептің, сондай ақ, Жаңақорған кенті, "Ипподром" мөлтек ауданында жаңадан салынып жатқан 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер орталығының құрылысымен танысты. Аталған білім ордалары жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Бұдан кейін, облыстық маңыздағы «Жаңақорған - Келінтөбе - Қандөз» автомобиль жолының күрделі жөндеу жұмыстарымен және Қаратөбе ауылдық округінің аумағындағы облыстық маңыздағы «Жаңақорған - Келінтөбе - Қандөз» автомобиль жолындағы көпірдің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Айта кету керек, жыл басынан басталған жол құрылысы өте қарқынды жүргізілуде. Соның ішінде қазіргі уақытта Жаңарық - Қожакент елді мекені аралығындағы автомобиль жолдары толық күрделі жөндеуден өтіп, тұрғындардың қуанышына бөленуде.
Жұмыс сапары соңында облыс әкімінің орынбасары Бақыт Дүйсенұлы Келінтөбе магистралды каналының жағасында шаруашылық құрылымдарының басшыларымен кездесті.
13 мамыр 2024 ж. 212 0