№32 (8946) 1

01 мамыр 2026 ж.

№31 (8945) 28

28 сәуір 2026 ж.

№30 (8944) 25

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Қызылордада «Елдігіміздің айнасы» атты көшпелі көрме өтті

Қызылордада «Елдігіміздің айнасы» атты көшпелі көрме өтті

Фото: tattialma.kz
Kyzylorda-news.kz
 Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Елдігіміздің айнасы» атты көшпелі көрме–панорама өтті.
Шараға арнайы «Үмітін елдің арқалап, арманнан туған рәміздер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кеңінен насихатталды. Кітап көрмесіне ұлттық нақышымызға айналған рәміздеріміз жайлы жазылған әдебиеттер, мақалалар қойылды. Атап айтқанда, кітапханашылар оқырмандарға ҚР Конституциясы, үш тілде жазылған Е. Шаймерденовтың «Қазақстан Республикасының тәуелсіздік рәміздері» және А.Жолдыбекованың «Ел рәміздері рухты шыңдайды», Ш.Байкенованың «Мен Қазақстан азаматымын», «Менің Отаным тәуелсіз Қазақстан», Ш.Уәлиханның «Тәуелсіздік нышандары» атты мақалалармен таныстырып, библиографиялық шолу жасалынды.
Кітап көрмесінің мақсаты – тарихи асыл мұрамызға бағаланатын мемлекеттік рәміздеріміздің терең мән-мағынасын түсіндіру арқылы жастарымыздың бойына патриоттық сезімді қалыптастыру, кітапханаға оқырман тарту, ұлттық құндылықтарымызды қастерлеп, қадірлеу болып табылады.
06 маусым 2024 ж. 301 0