Жаңақорған аудандық білім бөлімінің басшысы тағайындалды

Нарымбет Сәрсенбекұлы 1966 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Мамандығы “Тарих және қоғамтану” пәні мұғалімі.
Еңбек өтілін 1993 жылы №53 А. Д. Романов атындағы орта мектептің мұғалімі болып бастап, 1995 жылы аталмыш мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 1997-2000 жылдар аралығында Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылдық округінің әкім аппаратында іс басқарушы, 2000-2023 жылдар аралығында №53 А.Д. Романов атындағы орта мектепте педагог-психолог, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар, мектеп директоры қызметтерін абыроймен атқарған.
Нарымбет Сәрсенбекұлы білім саласында қажымай еңбек атқарып, ҚР білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін "Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен марапатталған.