№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Нұрымжан Бұлдырықов жаңа орынға жайғасты

Нұрымжан Бұлдырықов жаңа орынға жайғасты

Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 01 бұйрығымен Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің сектор меңгерушісі қызметіне Бұлдырықов Нұрымжан Сәбитұлы тағайындалды.

Нұрымжан Сәбитұлы 1982 жылы 14 мамырда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылында дүниеге келген.Білімі жоғары.
Еңбек жолын аудандық ішкі саясат бөлімінде социолог болып бастаған.
2009-2011 жылдары аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы болған.2011-2012 жылдары аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, 2012-2016 жылдар аралығында аудандық білім бөлімі бастығының орынбасары, 2016-2017 жылдары аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы, 2017-2021 жылдар аралығында аудан әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің басшысы, 2021-2022 жылдары аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, 2022-2023 жылдары аудандық жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары 2023 жылдың шілде айынан бастап осы кезге дейін Жаңақорған ауданының отбасын қолдау орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін абыроймен атқарып келді.

Бөлім басшысы Нұрымжан Сәбитұлының жаңа қызметіне сәттілік тілеп, аудан бойынша жоғары нәтижелер мен көрсеткіштерге қол жеткізетініне сенім білдірді.

Жанель ЖҮСІП
17 сәуір 2024 ж. 126 0