Ауданымызда "Өнерлі отбасылар" байқауы өтті
Отбасы – ол махаббаттың, сыйластықтың сарқылмас көзі. Адам онсыз өмір сүре алмайды. 15-мамыр Халықаралық отбасы күніне орай «AMANAT» партиясы аудандық филиалына қарасты " Өнер" бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен кент орталығындағы «Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстық орталығында " Өнерлі отбасылар" байқауы өтті.
Байқауға ауданнан үш отбасы, атап айтсақ, Төменарық ауылынан Асылбековтер отбасы, Екпінді ауылынан Әбдібековтер отбасы, кент орталығынан Мампаевтар отбасы қатысты.
Олар үш кезең бойынша, яғни өз-өздерін таныстыру, отбасылық өнер көрсету мен жеке- жеке өнерлерін көрсету бойынша бақ сынасты. Қатысушылардың барлығының да үлкен дайындықпен келген. Бірінен бірі өткен әдемі ән шашулар көрерменге ерекше көңіл күй сыйлап, рухани демалуға зор үлесін қосты.
Байқау қорытындысы бойынша, бірінші орынды – Төменарық ауылынан Асылбековтер отбасы иеленсе, екінші орынды Екпінді ауылынан келген Әбдібековтер отбасы, үшінші орынды кент орталығынан Мампаевтар отбасы иеленді. Барлық жеңімпаз отбасыларға арнайы Дипломдармен марапатталып, әрі сый-сыяпаттар табысталды.
Иа, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылғы жолдауында отбасын қорғау және бала капиталын қалыптастыруға ерекше мән берді. Мұндай қолдау әрбір қазақстандықтың өз болашағына деген сенімін нығайта түсетіні сөзсіз. Ал осындай халық игілігіне бағытталған игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.