«Ерікті көмекке қызу желі» пилоттық жобасы іске қосылды
Фото: akorda.kz
Kyzylorda-news.kz. «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты әлеуметтік, экологиялық, мәдени-бұқаралық іс-шараларды және қайырымдылық пен игі бастамаларды жүзеге асырып келеді.
Өз кезегінде партияның облыстық филиалы бастамасымен «Жастар Рухы» жастар қанаты «Ерікті көмекке қызу желі» пилоттық жобасын іске қосты.
Жоба Қызылорда облысы әкімдігі және облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен жүргізілуде.
«Ерікті-көмекке» пилоттық жобасының мақсаты – әртүрлі төтенше немесе шұғыл қол көмекті қажет ететін жағдайда қызу желі арқылы анонимді немесе ашық түрде ақпарат алып мәселенің шешілуіне ықпал жасау.
Әртүрлі санаттағы қоғам мүшелері кез-келген сұрақ, ұсыныс немесе қол көмек сұрау арқылы 109-call-центр орталығына хабарласып ерікті жастардың көмегіне ие бола алады. Жасақталған арнайы еріктілер тобы хабарласқан тұрғындардың мәселесінің бағытын анықтап, мұқтаж жандарға көмек көрсетеді. Атап айтсақ, төтенше жағдайлар кезінде еріктілер штабының жұмысын ұйымдастыру, жалғызбасты ардагер мен егде жастағы кісілерге адресті қол көмек көрсету, мектеп оқушыларына тегін психологиялық кеңес беру, меценаттардың қолдауы арқылы әлеуметік жағдайы төмен отбасыларына қаржылай және материалды көмек көрсету, арнайы іздестіру шараларын ұйымдастыру және т.б.
Қазіргі таңда жоба аясында 10 жас қоғамдық негізде жұмыспен қамтылды, 20-ға жуық ардагерге (әлеуметтік жағдайы төмен, жалғыз басты қарт) адресті көмек көрсетілді, «Ізгілік аптасы» барысында түрлі қайырымдылық шаралар ұйымдастырылды.