№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысқан кәсіпкерлерге субсидия беріледі

«Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысқан кәсіпкерлерге субсидия беріледі


Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен кездесуде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гаухар Қалмақова айтты.
Шарада Гаухар Қалмақова «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы «Алғашқы жұмыс орны» жобасымен таныстырып шықты.
Аталмыш жоба өткен жылы пилоттық режимде енгізіліп, биыл толық қолданысқа енген.
«Жоба жұмыс берушілерге де, жас мамандарға да тиімді болмақ», - деген басқарма басшысы бизнес өкілдерін белсенді қатысуға шақырды.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасы – жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға жәрлемдесудің қосымша шарасы ретінде қабылданған. Мақсаты еңбек нарығындағы жастардың бәсекеге қабілетін арттыру және қажетті еңбек дағдыларын беру.
Жобаға алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектер, жиырма тоғыз жастан аспаған, жұмыс тәжірибесі жоқ, жұмыс іздеп жүрген NEET санатындағы жастар қатыса алады.
Жұмыс беруші ретінде жобаға меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорын, ұйымдар қатыса алады. Ол үшін жұмыс беруші салық және әлеуметтік аударымдарды жүйелі жүргізіп отырған, жалақыға қарызы жоқ мекеме болуы керек.
Жобаға қатысқысы келетін кәсіпкер оқуды аяқтағанына үш жыл болмаған, көпбалалы және табысы аз отбасылардың балаларын, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі арнаулы орта және жоғары оқу орындарын бітірген түлектерді тұрақты 24 ай немесе 2 жыл жұмыспен қамтуы керек. Жұмыс берушіге қолдау үшін мемлекет жас маманның жұмысының бірінші жылы үшін еңбекақыны субсидиялайды. Экологиялық үстемақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда субсидияның 1 айдағы мөлшері 20 АЕК немесе 58 340 теңге.
Жобаға қатысқысы келетін кәсіпкерлер жұмыспен қамту орталығына бос жұмыс орны туралы мәлімет ұсынса жеткілікті.  
Қосымша мәлімет алғысы келетін кәсіпкерлер үшін Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Адами капиталды дамыту бөлімі кеңес беруге әзір. Байланыс нөмірі. 8 /7242/ 40-09-81 (ішкі 4317).

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
19 сәуір 2021 ж. 487 0