«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Еріктілер қызметі – ерекше қайырымдылық

Еріктілер қызметі – ерекше қайырымдылық

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті жанынан құрылған «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органының отырысы өтті. 
Онда консультативтік-кеңесші органының жұмыс нәтижелерін талқылау және талдау, жетістіктерді, проблемалық сәттерді және одан әрі жетілдіру және тиімді жұмыс істеу мүмкіндіктерін анықтау сияқты мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, іс-шараның күн тәртібінде онкологиялық аурулары бар балаларға, ауыр аурулары бар адамдарға дәрі-дәрмекпен жәрдемдесу, пациенттерге, олардың туыстары мен жақындарына заңгерлік көмек көрсету, қиын өмірлік жағдайларға тап болған адамдар үшін киім-кешек жинау және т.б. мәселелер талқыланды. Бұдан бөлек, «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органының жаңа құрамы таныстырылып, Кеңестің жұмысын жақсарту және оның алдына қойылған міндеттер мен мақсаттарды іске асырудағы тиімді шараларды нақтылау жөнінде ұсыныс-пікірлер тыңдалып, жұмыс жоспары белгіленді. 
Еріктілерге көбінесе тағдырдан таяқ жеген жандар мен әлеуметтік осал топтағы отбасылар және жақындарынан қолдау таппай, өмірден өгейленген жастар жүгінеді. Жағдайы жоқ, өмірде орнын таппаған жандар ерікті жастар арқылы қоғамға өз үнін жеткізгісі келеді. Ізгілікті істердің басы-қасында жүрген жастардың волонтерлік ұйымдары әлеуметтің үнін мемлекеттік органдарға жеткізушіге айналды. Осы негізде, мемлекеттік органдардың волонтерлік ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс жасау қажеттігі баса айтылды.
24 сәуір 2024 ж. 136 0