№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Интернет алаяқтарға алданбас үшін мына ережелерді білу керек

Интернет алаяқтарға алданбас үшін мына ережелерді білу керек


Жастар ресурстық орталығының бастамасымен «Ауылдағы бір күн» жобасы басталды.

Жобаның басты мақсаты – елді мекендер мен ауылдарда кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтардың жұмысын көпшілікке насихаттау. Жыл көлемінде 7 ауданға қарасты 30 ауыл қамтылмақ.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брфингте облыстық жастар ресурстық орталығының жастар шығармашылығын және бұқаралық спортты дамыту бөлімінің басшысы Әліби Басаров жобада атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерді баяндады.
«Әлеуметтік желі арқылы «Ауылдағы бір күн» жобасын бастадық. Мұнда ауылдың тыныс-тіршілігін таныстыра отырып, кәсіп игерген жастардың жұмысын көрсетеміз. Қазіргі таңда жастарымыздың көбісі ауылда жұмыс жоқ деген сылтаумен қалаға көшуде. Жастарды ауылға тарту үшін мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі өз нәтижесін көрсетуде. Аққыр және Амангелді ауылындағы жастармен кездесу барысында байқағанымыз, шаруашылықпен айналысқысы келетіндер өте көп. Тіпті өз кәсібін жандандырып, мол табыс тауып жүрген азаматтарды көзімізбен көрдік. Сондай-ақ, «Мен ауылдың баласы» атты пилоттық жоба да іске асты. Онда өнерге жақын талантты ауыл жастарының шығармашылығын дамытып, ерекше идея жасауға тырысамыз», – деді Әліби Басаров.
17 ақпан 2022 ж. 200 0