Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Онлайн сауданың пайдасы бар ма?

Онлайн сауданың пайдасы бар ма?

Қытай Халық Республикасы талайды таң қалдырып келе жатқан, әлемдік маңызға ие алпауыт мемлекет. Демографиялық өсімі болсын, экспорты, тіпті, жаңа технологияны игерудегі жетістіктері де ауыз толтырып айтуға лайық. Әлемді қаратқан шығыс елінің мәдениеті мен сауда нарығындағы алға озуы тағы бір төбе. Мысалы, «Алибаба», «16-88», «Трендиол» сияқты комерциялық компаниялары мен онлайн саудадағы интернет сайттарын білмейтін адам кемде-кем. Бүгінгі күні атағы көпке жайылып үлгерген Пиндуодуоның жөні тіптен бөлек. Телефоны барды табыс табуға үйреткен Пиндуодуо ұғымы жайлы тарқатып, түсіндіріп көрейік. Пиндуодуоның құрылғанына көп уақыт өтпесе де нарықта 15-20 жылдан көп қолданыста болған ірі сауда ошақтарынан алға озуына не себеп? Оның әлемнің түкпір-түкпірінде сауда көзі болуының сыры неде?

Пиндуодуоның әлемнің түкпір-түкпіріне жетіп, саудагердің барлығынан бірдей қолдау табуының басты себебі оның арзан баға мен жылдам жеткізу тетігі болуында.Әлемдік нарыққа тез танылуының да өзіндік себеп, сыры осында. Осыдан бірнеше жыл бұрынғы ғаламторға жарияланған жазбадан Пиндуодуо компаниясының жұмыс уақытының Қытай заңнамасында белгіленген міндетті жұмыс уақытынан ерекшелігін көруге болады. Күніне 12 сағаттан көп жұмыс жасайтын компанияның жұмыс ережесі де қатал. Түскі үзіліс уақыты 2020 жылдан бері 1 сағатқа қысқарғаны да белгілі. Компания жұмысының алға басу себебі де осы ма дерсіз. Бұл біздің «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деген тәмсілімізге келетін сияқты. Десек те, жоғарыда айтылған ғаламтор жазбасының бірінде межеден тыс жұмыс кестесі қызметкерлердің денсаулығына кері әсерін тигізіп жатқандығы айтылыпты. Бірақ, мұндай жұмыс кестесіне сүйеніп қызмет көрсететін тек пиндуодуо ғана емес, үздік техника заттарын ұсынушы «Hiaomi» сияқты бірнеше қытайлық бренд бар.
Қытайдағы ірі электронды платформалар ішінде екінші орынға жайғасқан Пиндуодуо интернет-компаниялар арасында да үздік бестікке ілінді. 2023 жылғы қорытынды бойынша да Пиндуодуо Алибаба мен JD.com комерциялық компанияларынан жоғары көрсеткішімен ерекшеленген болатын. Аталмыш сауда сайты Қытайдың ішкі нарығынан бөлек, сыртқы саудасындағы тұрақтылықты да өз деңгейінде ұстап тұр. Сәйкесінше ірі сауда платформасындағы қызметкерлердің жалақы мөлшері де құрдастары Алибаба, Тенсент сияқты сауда ошақтарындағы қызметкерлермен салыстырғанда әлдеқайда көп және Қытайдағы орташа жалақы мөлшерін де екі орап тұр.

Өз бастауын 2015 жылдан алған электронды комерциялық компанияның Қазақстанға келгеніне шамамен 5 жылға жуық уақыт болды. Десекте, сауда сайтының біздегі "гүлденген кезеңі" 2023 жылдан бері десек те болады. Еліміздің мегаполистерінен бөлек, шағын қалалары мен ауыл аймақтарына дейін жеткен интернет қолданбаның нарықтық құны 2020 жылдың өзінде ақ 2178 млрд АҚШ долларын құрады.
Комерциялық компанияның электронды саудадағы беталысы біздің елімізде де бір жүйеге түсіп үлгерген. Жоғарыда айтқанымыздай тауарды жеткізу жылдамдығы арқылы көптің көңілінен шыға білген сайттың тағы бір ерекшелігі таңдаудың мол мүмкіндігі бар, баға қолайлылығы да қалыптасқан жаңа тауарларды ұсынуында. Компания сайтында ұялы телефонмен-ақ қай жасқа болмасын арналған киім-кешегіңізден бастап, аяқкиім, сөмке, аксессуар, жаңа сәндегі үй жиһазы мен аспашам, құрылысқа қажет құрал-сайман, тіпті, автокөлік аксессуарларын да сатып алуға мүмкіндігіңіз бар. Бізге жақын Шымкент, Түркістан, Қызылорда қалаларында сайт тауарларын жинақтап шағын филиал ашып алған жергілікті кәсіпкерлерді кездестіруге де болады. Күнделікте өмірде бас сұғып, қажетіңізді сатып алып жүрген дүкен мен Пиндуодуо дүкендерінің айырмашылығы жер мен көктей. Көрер көзге кәдімгі «1001 ұсақ-түйек» деген дүкендеріміз сияқты көрінері белгілі. Қайсысымыз болсақ та, алар затымыздың әсемдігіне мән береміз. Міне, әсемдікке құмар жаныңыздың іздегені осы дүкендерде табылуы мүмкін. Сіз көріп жүргеннен ерекше, ыңғайлы заттарға толы сөрелер еркіңізден тыс бір қажетіңізді ұстатып жіберетіні рас-ақ.
Қазір ауданамызға қарасты ауылдардың өзінде қыз-келіншектер кішігірім бизнеске айналдырып алған пиндуодуоның тауарды жеткізу жылдамдығы 7-21 күн аралығында. Бейімі бардың бағын жандырған электронды сауданы әр үйдің адамы оп-оңай жүргізіп жатыр. Солардың бірі Диана есімді танысым пиндуодуо туралы былай дейді:
-Бала күтіміне байланысты демалысымда ғаламтордағы қолымнан келетін нәрселердің барлығымен айналысуды жөн көрдім. Қазіргі кездегі сұранысқа ие шоттағы бұғатты шешу, электронды шақыру билеттерін жасау, шағын несиелерді кестеге қою сияқты қызметтерді де үйрендім. Жұбайымның қарындасы пиндуодуо сайтын айтып, үйренуге ұсыныс жасады. Бастапқыда аса қатты қызықпағаныммен уақыт өте келе бір жоспарлы жұмысым сияқты қарайтын болдым. Ең алғашқы тапсырысым жолдасым екеуімізге спорттық аяқ киім болды. 17-18 күн көлемінде тапсырысым келіп, базардағыдан кем емес сапасына, бағасына қуандым. Қызығып бір күні балаларыма киім, ойыншық, үйге керекті заттар алып көпшілігі көңілімнен шықты. Тапсырыс берген туалет, ас үй жабдықтары сынып келетін жағдай болғанда сайт арқылы төленген ақшаны қайтарып алуға болады. Ауыл тұрғындарына әлі де болса таңсықтау заттарды әлеуметтік желідегі ортақ чаттарға салып, жарнамалай бастадым. Пиндуодуо сайтындағы киімдер мен өзім алып пайдаланған заттарды инстаграм арқылы бөлісіп, тапсырыстарға аз-кем ақша қосып сатып, табыс табудың жаңа жолын игердім десем де болады».
Бұл пікірді Гүлмира апай да құптап отыр. Оның айтуынша, сауда үйлеріндегі киімдердің барлығы бірдей қымбат болғанымен, сапасы сын көтермейтіндері де көп. Түркиядан, Италиядан, Пекиннен деген жалған жапсырмаларға сүйеніп алғанмен алушының көңілінен шықпайтыны әлдеқайда басым. Пиндуодуодағы киімдер ерекше сәнімен, бұрынғыдан басқаша стильдерімен, аралас түс үйлесімділігімен өтімді. Тек киімдер ғана емес, балаларға арналған сөмкелер, үй қажетіне жарамды заттарға телефонмен тапсырыс беріп, алуды әдетке айналдырдық, - дейді ол.
Әлемнің қай түкпіріндегі болсын қолданушысының сұраныс қажеттілігін назардан тыс қалдырмаған комерциялық компанияның электронды сайтында кез-келген тілді таңдау мүмкіндігі де қолжетімді. Өзіңізге керек өлшем, заттың түр-түсі, түсінікті ұсынылған. Қытайдың қай дүкеніндегі баға қолайлы екенін де көз алдыңызға салыстырып көрсеткен пиндуодуо қолданбасын көптің сұранысын қанағаттандырып жүрген «Каспи.кз» қолданбасындағы онлайн дүкенмен ұқсастықтары көп. Әлемдік нарықтың алдыңғы қатарындағы қарапайым қолданбаны табыс үшін болмаса да өз қажетіңізге қолданып көрсеңіз артықтық етпейтінін айтуды міндет санадық.
28 ақпан 2024 ж. 77 0