Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ишемиялық инсульт кезіндегі жедел көмек

Ишемиялық инсульт кезіндегі жедел көмек

Мидағы қан айналымы бұзылған сәттегі алғашқы 3 сағат (көп дегенде 6 сағат) «терапевтік уақыт» деп аталады. Өйткеніі, бұл кездері мидағы өзгерістердің бетін бері қайтаруға болады.  Міндетті түрде жедел жәрдемді шақыру, әрі аурудың белгілері жайлы нақты, толық мәлімет беру керек, сол кезде арнайы неврологиялық бригаданы жібереді.
Дәрігерлер келместен бұрын науқасқа дәрігер келгенге дейінгі көмек көрсетілуі тиіс
Ең алдымен, науқасты басы мен иығы көтеріліңкі болатындай етіп (бұрышы 30 градусты құрауы тиіс) жатқызу керек. Науқас үйде ауырып қалса, басы мен иығына жастық қойыңыз. Егер ұстама көшеде орын алса, бүктелген кеудешені пайдалануға болады. Науқасты басқа орынға ауыстырмаңыз (мәселен төсекке жатқызу), бұл қауіпті
Науқасты қажетті таза ауамен қамтамасыз етіңіз. Ол үшін белдік пен көйлектің жағасын ағытыңыз немесе қалың киімін шешіңіз. Ғимаратта болсаңыз, терезе мен желкөзді (форточка) ашыңыз.
Бөлмеден артық адамдар шығып, ішінде көмектесе алатындар ғана қалуы тиіс.
Лоқсу кезінде науқастың басын абайлап шетке бұрыңыз. Тұншығып қалмас үшін ауыз қуысын құсықтан тазалаңыз. Егер көп мөлшерде сілекей ағатын болса, басын ақырын ғана шетке бұрыңыз.
Алғашқы көмек кезінде миға қан құйылуы анықталып, жедел іс-шаралар орындалады. Бұны көбіне "жедел жәрдем" дәрігерлері атқарады. Инсульт себептерінің бірі қан тасу болғандықтан, қан қысымын төмендету миды оттегімен қамтамасыз ететін антиоксидантты, ноотропты дәрілер беру, құрысу белгілерін тежеу, науқас естен танған жағдайда, ауыз қуысын тазалап, оттегімен демалдыру, ауруханаға жеткізу.
Геморрагиялық инсульт кезіндегі мейірбикелік күтім.
Мейірбике дәрігер нұсқауын орындайды.
Мейірбике науқастың гемодинамикасын бақылайды/ АҚҚ, есін бағалау, пульс, температурасын, диурезін бақылау/
Тыныс алубұзылғнда тыныс алу өткізгіштігін бақылау, кома кезінде құсықтың алдын алу.
Геморрагиялық инсульт кезіндегі науқастағы проблемалар:

1-Тыныс алу бұзылыстары

2-Жұтынудың бұзылысы

3-Терморегуляция бұзылысында

4-Қимыл-қозғалысты қалпына келтіру

5-Сойлеуді қалпына келтіру

6-Өзін-өзі күтуді қалпына келтіру.


Мейірбикенің іс-әрекеті:

1-Тіс протезін алып тастау
Эндотрахиалды түтік қою
Науқастың төсектегі қалпын өзгерту
Тыныс алу гимнастикасын жасатқызу.

2-Науқастың ес-түссіз/ кома/ жағдайда немесе жұтыну рефлексі болмаған кезде тағам назогастральды зонд арқылы беріледі.

3-Науқастың дене температурасын бақылап температура парағына түсіру. Бөлме температурасын қадағалау.
Әр 2 сағ сайын бөлмені желдету.Науқасқа қалың жапқыш қолданылмайды.

4-Науқаспен бірге дәрігер нұсқауы бойынша дене шынықтыру жаттығуларын орындау.

5-Логопедпен жұмыс жасау

6-Өзін – өзі күту дағдыларын қалпына келтіру үшін науқастың туған-туысқандарымен әңгіме жүргізу.

Киргабакова Гульмира Дайрабаевна,
Алматы облысы,Жамбыл ауданы,ШЖҚ Қарғалы ауылының "Аудандық ауруханасы "МКК.
Терапия бөлімінің аға мейіргері
11 мамыр 2024 ж. 343 0