Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Еңбегі өлшеусіз қарапайым жандар

Еңбегі өлшеусіз қарапайым жандар

Ең бірінші байлық – денсаулық. Ол – бақытты, толымды өмірдің кепілі және негізгі шарты. Дәрігерлік жұмыс та  көптеген салаға бөлінеді, солардың ішінде елмен етене араласып, халыққа алғаш боп көмек көрсететін жедел жәрдем қызметі. Осы орайда біз де аталған саланың қызу тірлігі жайлы фельдшер Қайсар Сұлтанбаевпен  сұхбат жүргізген едік.
– Жедел жәрдем бөлім­шесінің  қызметі туралы  қысқаша айтып берсеңіз...
– Жедел  жәрдем – бұл науқас адаммен ең бірінші болып бетпе-бет кездесу, алғашқы  шұғыл көмек көрсету. Ең бірінші науқас адам жедел жәрдемге қоңырау шалады. Науқас жағдайын анықтап, сырқатына қарай ауруханаға жеткізгенге дейін көмек көрсету міндетіміз.
– Сіздің ойыңызша жедел жәрдемде жұмыс істейтін қызметкерлердің бойында қандай қасиет болуы тиіс?
– Ең алдымен, жедел жәрдем қызметкері батыл  болуы керек. Сондай-ақ, ол адамдарға жанашырлық танытуы тиіс. Білім керек болуы мүмкін дағдылар да пайда болады, қалыптасады, бірақ жанашырлық, мейірімділік қасиеттерінсіз ештеңе шықпайды. Және де жедел жәрдем қызметкерлерінде міндетті түрде жылдамдық, ұйымшылдық, аса жауапкершілік болуы тиіс.
Мысалы, инфаркт жағдайында, жүрегі қысылып тұр деп шақырады. Міне, сол кезде үлкен қалаларда кардиологиялық  бригада көмекке келеді. Ал біздерде қандай қоңы­рау болсын, жалпы маманданды­рылған бригада жіберіледі. Ол ба­ла педиатры, акушер-гинеколог та, жалпы бригадада болуы мүмкін.
– Жедел жәрдем тек өзіміздің кент ішінде қызмет жасай ма, я болмаса ауылдық жерге де қатынап, көмек көрсетіле ме? Қай ауысымда, қай мезгілде  қоңырау көп түседі?
– Көбіне  түнгі мезгілде шақырту көп болады. Жедел жәрдем көліктерінің бір-бірін көрмейтін уақыттары да бар. Ауылдық жерлерге де қатынаймыз.
– Жалпы, жұмыстың, қызмет көрсетудің нәтижесі басқа аудандарға қарағанда қай деңгейде?
– Жыл аяғындағы қорытынды есеп бойынша қалаға қарайтын 9 ауданның ішінде жақсы нәтиже көрсеттік. Яғни, уақытында көмекке баруымыз, жабдығымыз, дәрі-дәрмектеріміз, жалпы қызмет көрсету жағы жоғарғы деңгейде десек болады.
Сұхбат барысында жедел жәрдем бөлімшесіне әдеттегідей қоңырау шалынды. Диспетчер қоңырауға жауап беріп, керекті мәліметті жылдам алып, жедел жәрдем көлігін көмек сұрап шақырған науқасқа жіберді. Жедел жәрдеммен мен де бірге барып, сырттай бақылау жасадым. Қажетті мекенжайға 5 минутта жетті. Науқас үлкен жастағы қарт әжеміз екен, өзінің   жағдайын айтып түсіндірді. Науқасқа суық тиген, дене қызуын өлшеп, алғашқы көмек көрсетіліп, керекті дәрі-дәрмектерін жазып берді.
Он үш жылдық тәжірибесі бар білікті маманның жүрек сөзі өзім жедел жәрдеммен  еріп жүрген кезімде көз алдымнан өтті. Уақытпен санаспай, науқастың көңілінен шығып жүрген абзал жандардың еңбегі шынымен де өлшеусіз.
P.S. Әр секунд, минутты санап, жедел жәрдемді күтумен тағаты таусылмаған адам кемде-кем шығар. Сондайда жанымызды шүберекке түйіп, амандығымызды ақ халат­тыларға аманаттаймыз. Осы уақытта науқас өміріне бастапқы емде бас ие болып, жанынан табылатын біздің кейіпкеріміз бәрінен ыстық көрінетінін де мойындауға тиіспіз.
Лаура БИБАСАРОВА
30 қараша 2022 ж. 166 0