Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тәртіп сапқа түзелуден басталады

Тәртіп сапқа түзелуден басталады


Жауынгерлік міндетін жат жерде өтеп, жаны саудаға түскен қыл үстіндегі тағдырын Отанға деген ыстық махаббаттың арқасында арашалап алған аға буын қатарында ауған соғысы жауынгерлері де бар. Алыс елдегі аласапыран­ның құрсау­ы­­нан «елім» деген патриот­тық сезім мен қайтпас қайсар табандылықтың арқасында аман қалған азаматтар ауданымызда да аз емес. Аудандық «Ауған ардагерлері» бірлестігінің төрағасы Қуаныш Аблакимовпен сұхбатымыз осы бағытта өрбіді.


– 1987 жылы әскер қатарына қосылып, шекаралық әскер құрамының сапында Тәжікстанның Таулы Бадахшан автономиялы өлкесінде Қызыл жұлдызды әскери шекаралық округтің құрамында болдым. Сәуір айының 15-і күні 200-дей сарбазбен бірге Ауғанстанның Гүлхана қаласына аттандық. Ауданымыздан жасы жиырмаға жетпеген 95 азамат Ауған соғысына қатысты. Бүгінде олардың біршамасы өмірден озып, тағы біразы арамызда қызмет етуде. Бесеуі зейнеткер.
Қазір ауданымыздағы Ауғанстан ардагерлері қоғамдық ұйымында 45 Ауған соғысы ардагері бар. Өткен күннен белгі көп. Иә, жат жерде жаумен алысып, өзге елде қан төгу деген оңай болған жоқ. Елге, туған жерге, ата-анаға деген сағынышты айтып жеткізе алмайсың. Жас ұрпақ ол күндерді бастан кешпесін, бейбіт күннің бірлігін сақтап қалу үлкен міндет. Келешек жастардың қолында, сондықтан жас буынды отансүйгіштікке, патриотизмге баулу өте маңызды.
– Майдан даласына әскер қатарында мылтық асынып айтуға жеңіл болғанымен іс жүзінде мүлде бөлек, жаныңа ауыр тиіп, жүрекке жүк болатындай жағдай. «Жауың әне, қане, ат!» деген бұйрыққа дейін, «Ол сенің пәлен отандасыңды өлтірді», «Жерлестеріңнің намысын аяқасты етті» деген секілді сөздерді айтып, мылтық ұстап, жауға қару кезенуге деген жігерімізді арттырды. Осылайша қан майданды даланың қою түтініне бойымыз үйрене бастады. Қатал тәртіпке құрылған майдан өміріндегі бір сапта тұрған жауынгерлер әлемнің әр қиырынан келсе де, тілі мен ділі бөлек болса да, ойымыз ортақ, мүддеміз бір еді. Жараланған жолдасты жат қолына қалдырмай бауырластығымыз артып, бірге жан сауғалаған кездеріміз де болды. Мұның барлығы өткен күннің еншісінде қалғанымен ешқашан ұмытылмайды, жүректегі өшпес естелікке айналған десем де болады.
– Қазіргі әскерге шақырту алған жігіт­теріміздің сарбаз болудан бас тартуына не себеп? Әскери орындардың тәртіп-талабы қаншалықты қатаң?
– Әскерде болып келген сарбаздың келгенін тосып, елге оралғаннан кейін маңайынан екі елі ажырамай әскердегі әңгімесін есту біз үшін жеңіспен тең болатын. Ал әскерге шақырту алу - мәртебе, бармай қалу – ұяттан жерге кіргенмен пара пар. Біздің алдымызда әскери борышын өтеп келген тетелес аға буын өзінен кейінгілерді әскерге баруға үндей білді. Әскери борышты абыроймен өтеп келудің маңыздылығын түсіндіріп, азамат атына лайық мінез-құлық жігерімізді жани түсті. Өздері де әскери міндетті парызым деп түсініп, жүрек қалауымен әскерге аттанды. Қазір бәрі керісінше, әскерге барып келген жас сарбаз өзінен кейінгі інілерінің көңіліне солдат өмірінің мәні туралы маңызды ой ұялата алмайды. Қоғамда қанша адам болса, сонша пікір бар екені рас. Дегенмен, әскер өмірі туралы түрлі қауесетке көңілі алаң жас жеткіншектің «әскерге шақыру» сөзін естігенде үрки қашуының себебі осы деп ойлаймын.
– Жастардың бойындағы патриоттық се­зімді қайткенде оятамыз?
– Өмірлік өнегені үйретуде де, ерге тән мінезді бойға сіңіруде де ең маңызды әрі ықпалдысы отбасындағы тәрбие. Әсіресе отбасында әкенің рөлі орасан зор маңызға ие. Ер баланы тәрбиелеу­де жауапкершілікке үйрету, қайсар мінез бен қатаңдыққа қоса баулу баланың қай жасында да ерте болмайтынына әр әке баса мән бергені абзал. «Ауыл баласы мен қала баласы» деп, алысқа бармай-ақ тірлікке піскен шаруа баласы мен үйден шықпаған «ақсаусақ» балалардың айырмашылығы жер мен көктей екенін бір қарағаннан-ақ аңғаруға болады. Қыздарымызды еркелетіп, бар жақсыны алдына тосып өсіргеніміз сияқты ұл баланы ес білгеннен іс басына икемдеп, жасына лайық, нәрсені міндеттеп үйреткеніміз дұрыс. Үйдегі балаларымыз естігенін емес көргенін жасайды. Сұлу сөзбен ақыл айтқаннан гөрі әрбір жан өмір тәжірибесін қарекетпен көрсе­те білу маңызды. Бұл «Алма бұтасынан алысқа түспейді» деген нақылға сай келеді. «Тәрбие – тал бесіктен» демекші, ер мінезді ел ағасының жасампаз үлгісі – үйдегі әкенің өн бойындағы табандылық пен темірдей тәртібінің көрінісі.
Ал, ұлтжанды ұланды тәрбиелеуде алғашқы әскери дайындық пәнінің бергені де, берері де көп. Алғашқы әскери дайындық пәнін оқытудың мақсаты – жастарға әскери патриоттық білім беру мен қатар оларды әскер қатарына дайындайды. Пәнді оқу барысында мектеп оқушылары Қазақстан Республикасы Қарулы Қүштері, олардың ерекшелігі, тактикалық дайындық сияқты тақырыптармен терең танысып қана қоймай практика жүзінде де өздерін сынап көреді.

Жәмила ЕРМАХАН
04 мамыр 2024 ж. 217 0