Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Бағасы арзан болғанымен, сапасы нашар». Депутаттар отандық сүт өнімінің проблемаларын атады

«Бағасы арзан болғанымен, сапасы нашар». Депутаттар отандық сүт өнімінің проблемаларын атады

Фото: parlam.kz
«AMANAT» партиясы фракциясының депутаттары отандық сүт өндірісін дамытуға тұсау болып отырған проблемаларды атады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Депутаттардың өңірлерге сапарында шаруалар отандық өнімге қатысты біршама мәселе көтерген. Солардың бірі – мемлекеттік сатып алуды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерде «сүт өнімдерінің» ұлттық режимнен алып қою тізіміне енбеуі. Осының салдарынан сүт өнімдерін өндірмейтін, арада делдал болып жүрген өнім берушілер мемлекеттік сатып алулардың жеңімпазы атанып жатыр.

«Басқа елдерден келетін өнімдердің бағасы арзан болғанымен, сапасы отандық сүт өнімдерімен салыстырғанда бірнеше есе төмен. Бұл үдеріс отандық өнімдердің бәсекелестігін төмендетуге және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Бұл өнім берушілер көп жағдайда ЕАЭО-ға мүше елдерден және өзге мемлекеттерден шығарылатын өнімдерді алып келуі мүмкін», - дейді Мархабат Жайымбетов ол премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғаринге жолдаған депутаттық сауалында.

Депутаттың айтуынша, президенттің мемлекеттік сатып алу мен квазимемлекеттік сектордың сатып алуларында отандық тауарлардың үлесін арттыру туралы тапсырмасы атқарушы билік тарапынан өз деңгейінде орындалмай келеді.
«Сонымен қатар, кейбір саланың мемлекеттік сатып алу жүйесіне кәсіпорынның отандық өндіруші мәртебесін куәландыратын құжат механизмін енгізуіміз қажет. Яғни, бұл құжатты алу үшін кәсіпкер техникалық, технологиялық, ресурстық мүмкіндіктері бар екенін көрсетуі және тауар өндіруге шамасы жететінін дәлелдеуге тиіс», - деген ұсыныс тастады мәжілісмен.
Егер, мемлекеттік сатып алу жеңімпазы тек өндірістік сертификатқа ие кәсіпкерлер арасынан анықталса, тапсырыс берушілерге сапалы сүт өнімдері жеткізіледі және нарықтағы делдал мекемелердің саны азаяды.
«Байқасаңыз, өнім бар, сапа бар, бірақ неге мемлекет тарапынан қолдауға келгенде келте боламыз? «Отандық өнімді қолдау керек, жергілікті өнімге мән берілсін» деген бастамалар құр жария сөзге айналмауы тиіс. Әр сөз іспен дәлелденсе, құба-құп болар еді», - дейді Жайымбетов.
Ол «AMANAT» партиясы ұлттық бизнестің мүддесін үнемі бақылауында ұстап жүргенін атап өтті.
Осыған байланысты депутаттар сүт өнімдерін ұлттық режимнен алып қою тізіміне енгізу мәселесін қарастыруды, сондай-ақ жосықсыз импорттаушылар тарапынан демпинг фактілеріне тергеу жүргізіп, қажет болған жағдайда шикі сүт пен оның концентратын әкелуге тыйым салуды ұсынды.
02 мамыр 2024 ж. 219 0