Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Тең мүмкіндіктер

Тең мүмкіндіктер

Бүгін “AMANAT” партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында «ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР» атты инклюзиялық спорт фестивалінің аумақтық кезеңі өтті. Аудандық партия филиалымен, аудандық білім бөлімі бірлесе ұйымдастырған Спорт фестивалі аудандық №289 орта мекепте өткізілді. Спорттық шараны арнайы Партияның аудандық филиалының төрағасы А.Мажитов ашып, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Фестиваль мақсаты: инклюзиялық спорт-мәдени іс-шараларды өткізу арқылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен олардың дені сау құрдастары арасындағы достық байланыстарын нығайту, олардың әлеуметтік белсенділігін, сенімі мен өзара сыйластықтарын арттыру.
Аумақтық кезең бойынша спорттық фестивалге кіші және аға санаттары бойынша барлығы 17 команда қатысты. «БІЗ ЖЕҢІМПАЗ БОЛАМЫЗ!» және «Жеңіл атлетика» ойындарына қатысқан оқушылардың барлығына бірдей аудандық партия филиалы тарапынан сыйлықтар табысталып, 1, ІІ және ІІІ орын иелері арнайы дипломмен марапатталды. Аумақтық кезеңнен І орын алған командалар облыстық фестиваліне қатысатын болады.
19 сәуір 2024 ж. 328 0