» » Бастауыш ұйымдар спорттың бірнеше түрінен сайысқа түсті

Бастауыш ұйымдар спорттың бірнеше түрінен сайысқа түсті

Kyzylorda-news.kz.  «AMANAT» партиясы Қармақшы аудандық филиалының ұйымдастыруымен бастауыш партия ұйымдары арасында спорттың бірнеше түрлерінен сайыс өтті. Спорттық додаға футболдан 14 команда, теннистен 9 команда қатысты. Партия ардагерлері де назардан тыс қалмады. Олар "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында шахматтан бақ сынасты.


Жарысты партияның аудандық филиалының төрағасы Әділ Қошалақов ашып сайыстың мақсат-міндетін сонымен қатар партияның бұқаралық спортты дамытуға бағытталған жоспарын атап өтті.
«AMANAT» партиясы өзінің Сайлауалды бағдарламасында халықтың денсаулығын нығайтуға, халықты бұқаралық спортқа тартуға баса назар аударып, спортпен шұғылдануға жағдай жасау үшін спорттық объектілердің қолжетімділігін, оларды заманауи жабдықтармен жарақтандыру мәселелерін шешуді мақсат етіп отыр. Партия ықпалымен алдағы 5 жылда өңірімізде 12 денешынықтыру – сауықтыру кешендерінің құрылысы салуды мақсат етсе, соның бірі біздің Жосалы кентінде пайдалануға берілді. Жақын арада Ақай ауылында спорттық кешен пайдалануға берілетін болады.Партия мұнан бөлек спорт нысандарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етеді. Партиялық бақылау механизмі арқылы балаларға спорт үйірмелеріне немесе шығармашылық үйірмелерге тегін баруға мүмкіндік жасалады. Бұл жұмыстар өз кезегінде халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қарқыны 1000 адамға шаққанда 47,8%-ға, ал спортпен айналысатын тұрғындардың үлесін 53%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді»,- деді аудандық партия филиалының төрағасы.
Салауаттылықты насихаттау мен бастауыш ұйымдар арасындағы бірлікті сақтауға бағытталған спорттық сайыста мықтылығын көрсеткен бастауыш ұйымдар партияның алғыс хаттары және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Мәселен, шағын футболдан жүлделі ІІІ-орынды «Жасталап» БПҰ командасы, ІІ -орынды «Жаңажол» БПҰ, ал І-орынды «Томанов» БПҰ командасы иеленсе, теннистен жүлделі ІІІ-орын «Интернационал» БПҰ, ІІ-орынды «Қараөзек» БПҰ және І-орынды «Аудандық емхана» БПҰ жеңіп алды.
«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы шеңберінде өткен ардагерлер арасындағы шахмат турнирінде жүлделі ІІІ-орынды Оңалбай Бодыбаев, ІІ-орынды Әділ Ертаев, І-орынды- 90 жастағы ардагеріміз Әділбек Лақбаев иеленді. Сонымен қатар шахматқа қатысушы барлық ардагерлерге естелік сыйлықтар табысталды. Шараға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Мереков, партияның ардагері К. Раева және Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Е. Ұзақбаев, аудандық мәслихат депутаттары Б.Нысанбаев, М.Бекбаев, аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Д.Ержанов, аудандық "Қармақшы таңы" газетінің өкілдері қатысты.
14 шілде 2023 ж. 86 0