№38 (8749) 14

14 мамыр 2024 ж.

№37 (8748) 11

11 мамыр 2024 ж.

№36 (8747) 7

07 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Партия алаңында спорт шеберлері ұлықталды

Партия алаңында спорт шеберлері ұлықталды

Бүгін «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалында "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында ауданымыздағы спорттық жарыстарда жүлделі орын алып жүрген мүгедектігі бар азаматтармен дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға арнайы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сыздықов Әбілхайыр, «Орталық» БПҰ төрайымы Алма Мамирова, аудандық мәслихат депутаты Лаура Бибасарова және Қызылорда облысы бойынша аға жаттықтырушы Азнабаев Шыңғыс пен «Жебеуші» Қоғамдық қорының төрағасы Исмаилов Нурдин шақырылды.

Шара барысында аудандық партия филиалының төрағасы Мажитов Арман Әбілпейсұлы партияның «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында партияның атқарған жұмыстарына тоқталып, биылғы жылға ауданымыздың деңгейін көтеріп жүрген спорт мақтаныштары пара қол күресінен «25 – әлем чемпионатында» чемпион атанған спорт шебері Жаңақорғандық есту қабілеті төмен Оразбаев Бауыржан Серікбайұлының, ҚР чемпионатының күміс жүлдегері, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері - көру қабілеті төмен Реметов Абусейт пен спорт шебері - тірек қимылы зақымданған Абибуллаев Қуаныш Серікұлының жетістіктерін мақтанышпен айтып жеткізді.

Сонымен қатар, Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ә.Сыздықов пен «Орталық» БПҰ төрайымы А.Мамирова «Мемлекет басшысы ерекше қажеттілігі бар адамдарды қолдау мәселесіне айрықша назар аударып келетіндігін, Елімізде инклюзивті мемлекет, инклюзивті экономика, инклюзивті қоғам құру ісіне ерекше мән берілгендігін айта келе, аудан атынан біршама жетістіктерге жетіп жүрген азаматтар мен азаматшаларға алғыстарын білдіріп, алдағы күндеріне сәттілік тіледі.

Кездесуде партия филиалының алғыс хаттарымен сыйлықтары табысталып, Жаңақорған ауданының өнерпаздары әннен шашу шашып, керемет көңіл-күй сыйлады.

Осындай игі шара өткізген «AMANAT» партиясына өз ризашылықтарын білдіріп, қатысушылар атынан Шыңғыс Азнабаев пен Нурдин Исмайлов ағамыз батасын берді.

#AMANAT
06 желтоқсан 2023 ж. 165 0