№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Құрылыс нысандары партияның бақылауында

Құрылыс нысандары партияның бақылауында

Kyzylorda-news.kz. «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов Шиелі ауданында болып, партияның сайлауалды бағдарламасы аясында құрылысы жүріп жатқан Байсын ауылындағы 250 орындық мектеп пен Шиелі кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарына партиялық бақылау жасады.


Байсын ауылындағы 250 орындық мектепттің құрылысы 2022 жылы басталған. Нысанға облыстық бюджеттен жалпы 937 млн 558 мың теңге қаржы бөлінді. Биыл толық аяқталып, пайдалануға берілуі керек. Балалардың еш кедергісіз білім алуына барлық жағдайлар қарастырылған. Партиялық бақылау тобы мұнан соң Шиелі кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде болды.
Аталған нысан осы маусым айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Бітуге жақын қалған құрылыстан байқалған аз - кем кемшіліктер бойынша ескертулер айтылды.
Партияның облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов мердігерлерге бөлінген қаржының мақсатты игерілуі мен құрылыстың сапасы және мерзімінде аяқталуын қатаң тапсырды.
Мониторинг жұмыстарына облыстық мәслихаттағы фракция мүшесі Дәулет Жұмбеков, аудандық партия филиалының төрағасы Болат Сыздық, аудандық мәслихаттағы фракция мүшесі Қалмырза Қасымовта қатысып, айтылған кемшіліктер бойынша қадағалау жалғасатындығын жеткізді.
Аталмыш нысандарға орнатылған партиялық бақылау бекетертері құрылыс жұмыстары толық аяқталғанша жұмыс жасайтын болады.
02 маусым 2023 ж. 139 0