№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жыр болған білім ошағы

Жыр болған білім ошағы



Бүгін облыстық мәслихатының хатшысы, «Amanat» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов кезекті жұмыс сапарымен ауданға арнайы келіп, құрылыс нысандарын аралады. Партия төрағасы бастаған делегат, құрылыс саласына жауапты мамандар да Жаңақорған кентіндегі МАИ бекеті аумағындағы мектепке бірінші жол жүрді. Ондағы мақсат неше жылдан бері жыр болған білім ошағының құрылысымен танысу болатын.
Басқарма қызметкерлері, мердігер мекеме мамандары, аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Сопбеков, «Amanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Арман Мажитов Наурызбай Сейтқалиұлымен бірге мектептің тым баяу жүргізіліп жатқан жұмысын сынға алды.
– Бұл мектептің созбалаң салынғанын білеміз, бірақ оны реттейтін уақыт келді ғой. Бір мердігерден екінші мердігер, бұл не сұмдық енді. Осы жылдың 1-қыркүйегіне дейін бітіруге уәделестіңіздер, енді жасап жатқандарыңыз мынау. Бір жағынан бітіріп жатырсыздар, бірақ екінші жағынан қарапайым цементтелген полдарыңыз жарылып жатыр. Бұл болмайды, сапалы, әрі уақытылы бітірңіздер, Бақылау әлі де күшейтіледі, – деп Наурызбай Байқадамов нақтысын айтты.
Айта кетейік, бұл мектеп құрылысының бас мердігері – «Қазқұрылыс Сервис» ЖШС болған, қаржыландыру көзі облыстық бюджет болса, келісім шарт құны – 720,2 млн теңге. Алайда, түрлі жағдайлар байланысты тағы қосымша қаржы бөлінуде. Тежелудің тағы бір себебі, қазіргі уақытта құрылыс материалдарының қымбаттауы.
Қалай болғанда да мектеп бітіп, осы аумақта тұратын балалар оқу жылында мектепке кіруі тиіс. Кент орталығына сандалмауы керек. Сын да айтылды, сотқа да беретінін хабарлады, оған құжат дайындалуда. Жұмысшы қолы аз, жұмыс тым баяу жүруде. Ал, сапасы әзірге белгісіз. Оны да уақытында көретін боламыз...
09 маусым 2023 ж. 195 0