Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ауыл шаруашылық , орман дақылдарының және сәндік дақылдардың себу мен отырғызылатын материалдарына қойылатын фитосанитариялық талаптар

Ауыл шаруашылық , орман дақылдарының және сәндік дақылдардың себу мен отырғызылатын материалдарына қойылатын фитосанитариялық талаптар

Жыл сайын көктем айларында аулаларға, көшелерге, егістік жерлерге әр түрлі тұқымдар мен көшеттерді отырғызу жұмыстары жүргізіледі. Басқа облыстардан, мемлекеттерден көшеттермен тұқымдар әкелгенде олармен бірге әр түрлі зиянды организмдер бірге келуі мүмкін. Сондықтан сіздерге ауыл шаруашылық, орман дақылдарының және сәндік дақылдардың себу мен отырғызылатын материалдарына қойылатын фитосанитариялық талаптарды естеріңізге саламын.
Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің бірі ауыл шаруашылық, орман дақылдарының және сәндік дақылдардың себу мен отырғызылатын материалдары, өсімдіктер мен олардың бөліктері (қалемшесі, жуашығы, түйнегі, жемісі), сондай-ақ карантинді объектілерді жұқтырушы болуы мүмкін өсімдік текті кез келген басқа да өнімдер.
Себу және отырғызылатын материалдарда әкспорттаушы елдің ұлттық карантиндік қызметтерінің фитосанитариялық сертификаттары ,облыс аралық тасымалдау кезінде карантиндік сертификаттары болуы тиіс. Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау аяқталғанға дейін бастапқы орамасы болуы тиісжәне  зертханалық сараптама нәтижесін алғанға дейін пайдалануға тиым салынады.
 Тұқымдық картоп партиялары жаңа ыдыста оралған болуы тиіс.
Тамыр айналасында топырағы бар өсімдіктерді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тиым салынады.Әкелінетін әсемдік, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің отырғызу материалдары қалыпты жай-күйінде, жапырақсыз, гүлсіз және жеміссіз болуы тиіс. Тұқымдық картоп, шекілдеуікті, сүйекті және жаңғақ жемісті дақылдардың көшеттері, телітушілері және қалемшелері Карантиндік объектілер тізбесіне енгізілген өсімдік зиянкестерінен, саңырауқұлақтық, бактериялық, фитоплазмалық, вирустық және жұмырқұртты аурулар қоздырғыштарынан бос болуы және олардан бос аймақтарда, орындарда және учаскелерде өсірілген болуы тиіс . Отырғызу  немесе тұқымдық материалдарды тасымалдау  төгілмейтіндей, орамаларда болуы тиіс. Бір орамада әр түрлі тұқымдық немесе отырғызу материалдарының болуына жол берілмейді. Отырғызу немесе тұқымдық материалдардан карантиндік объектілер табылған жағдайда  иелерінің қалауы бойынша залалсыздандыруға  немесе жойылуға , ал иесі бас тартқан немесе оларды жүргізу мүмкін болмаған  жағдайда –қайтарылуға жатады.

ҚР АШМ АӨК МИК Жаңақорған аудандық
аумақтық инспекциясының
өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы:       
Д.Үсенова      
18 сәуір 2024 ж. 200 0