Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорғандық жастар балаларға базарлық жасады

Жаңақорғандық жастар балаларға базарлық жасады

Фото: ptk-respekt.ru
Жаңақорған аудан орталығынан балаларға арнап жаңа ойын алаңы салынып, пайдалануға берілді. Заманауи үлгіде сапалы материалдардан жасалған ойын алаңында балалар неше түрлі әткеншектерде тербеліп, таза ауамен демалу кезінде отыратын орындықтармен  «әткеншек», «айналмақ», «сырғанақ», «үйшікке», кезек кезек мініп, мәз - мейрам болған балалардың қуанышында шек жоқ.

Айта кетейік, балаларға қуаныш сыйлаған бұл ерекше ойын алаңы "Жаңарған Жаңақорған Жастары" қоғамдық қорының демеушілігімен Ыбырай Алтынсарин халқы асыға күткен мөлтек ауданынан ашылды. Ата - ана үшін баласының қуанышты жүзін көруден, олардың шаттанған әрбір сәтіне куә болудан асқан қандай бақыт бар?!
Ы.Алтынсарин мөлтек ауданында тұратын тұрғындар ойын алаңын салған азаматтарға алғыстарын білдіріп жатты. 
«Өзіміз ынтымақ танытып, бірлесіп ортақ игілікке атсалыса берсек, бірер жылда біздің көшеміз аудандағы ең көрікті ортаға айналатынына сенімдеміз», - дейді тұрғындар.
Иә, жаз балалардың асыр салып ойнайтын мезгілі. Ал бала ойын арқылы дүниені таниды, ойлау қабілеті артып, көзқарасы қалыптасады. Сондықтан жасөспірімдердің сапалы демалысына мән беру маңызды. Бала қиялына қанат бітіретін ойындар балаларға кішкентай кезінен қоғаммен араласуды үйретеді және татулыққа тәрбиелейді. Еңбексүйгіш болып қалыптасады. Бұл – ғалымдар мен психологтардың ортақ пікірі.
Кемелді келешегіміздің кепілі саналатын балаға қамқорлықтың үлкені ойын алаңдарын қауіпсіз әрі сапалы ету. Біз бұл жағынан мақтана алмаймыз. Әзірге Стадионның маңында балалар ойын алаңы бар. Ал Саяжай, МАИ бекеті, Қорғантоғай, Алтыкрант секілді шеткі аумақтарға, тіпті Хорасан ата, Құрманғазы секілді ірі көшелерге ойын алаңын салу керек-ақ. Мұның жайын жауапты мекеме мамандарынан білдік.
– Биылғы жоспарда балалар ойын алаңын қалыптастыру кент әкімдігі есебінен қаралған жоқ. Бірақ стритбол алаңын салу жоспарда бар. Кенттегі №163 мектеп жанынан стритбол алаңының құрылысы жүргізіледі. Оның жанына жаттығу құралдары орнатылады. Яғни кішігірім тренажер есебінде болады, – дейді кент әкімінің орынбасары Нұржан Сүлейменов.
Одан кейін құрылыс бөлімінің есігін қақтық. Олардың жауабы: «Бізге тиісті тапсырма келген емес. Егер ондай алаңдардың қажеттілігі туындап, әкім тарапынан тапсырма берілсе біз жоба жасауға дайынбыз» дейді. Осы орайда кент тұрғындарына мұндай алаңдар қажет емес пе деген ойда қалдық. Егер керек болса, онда неге ата-аналар өтініш жазбайды? Ал спорт бөлімі басшылығы не дейді?
– Стритбол алаңы кенттен бөлек Түгіскен ауылына да салынады. Биылғы жоспар осы. Жеткіншектер болмаса да, оқушылар спортпен айналысуына жағдай жасалады. Одан бөлек, кенттегі барлық жасыл алаңдар күрделі жөндеуден өтеді, – дейді аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Махмут Рахымжанов.
Осыған байланысты тұрғындар тілегін тыңдап көрдік.
– Біз МАИ бекетінде тұрамыз. Жаз басталса болды немерелерімді алып орталыққа серуендетіп қайтатын едік. Парктегі ақылы балалар алаңы іске қосылмаған күнде стадион жақтағы ойын алаңына барамыз. Әрине күнде бара беруге мүмкіндік болмайды. Кейде уақыт тапшы, кейде көліктің ретін таппаймыз. Ал тұрмысы төмен отбасылардың балалары аптасына бір барғанға қуанады. Шыны керек ойын алаңы – әр адамның балалық шағының бір бөлшегі. Жадыраған жаз мезгілінде балалардың ойын алаңы сәбилердің күміс күлкісінен жайнап тұрғанға не жетсін?! Сондықтан көше-көше болмаса да әр аумаққа бір-бір ойын алаңын салып берсе деген тілегіміз бар! – деді Амантай қария.
Мұндай пікірді Саяжай, Жаңауыл тұрғындары да қолдап отыр.
Бір сәт көрші аудандарға да бет бұрып көрейік. Көбіне өзге өңірлерде жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен ойын алаңы бой көтеруде. Жаңақорғандағы жалғыз алаң «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы арқылы салынды. Мәселен, Шиелі кентінде балалар ойнайтын алаңдар жетерлік. Онға жуық алаңның негізгі мердігерлері дара кәсіпкерлер. Кенттегі ойын алаңдарын үлкен етіп салу міндет емес. Бастысы, балалар алаңсыз ойнаса болғаны…Баланың көзқарасы қалыптасып, дүниетанымын жетілдіруде ойын негізгі құрал. Бала атаулы ойынмен өсіп, ойын арқылы бір-бірімен араласады, көпшілік ортасындағы өмірге үйренеді. Ал олсыз үйге тығылған баланы телефонмен ғана тыныштандыруға мәжбүрлік туады.
– Біз Саяжайда тұрамыз. Сөздің шыны керек, ауданның бір шеті ғой. Күн жылынса болды немерелерімді алып орталыққа серуендетіп қайтамыз. Әйтпесе, балалар мазасызданып, үйге сыймай кетеді. Парктегі ақылы балалар алаңы іске қосылмаған күнде стадион жақтағы ойын алаңына барамыз. Әрине күнде бара беруге мүмкіндік болмайды. Кейде уақыт тапшы, кейде көліктің ретін таппаймыз. Ал тұрмысы төмен отбасылардың балалары аптасына бір барғанға қуанады. Шыны керек, ойын алаңы – әр адамның балалық шағының бір бөлшегі. Жадыраған жаз мезгілінде балалардың ойын алаңы сәбилердің күміс күлкісінен жайнап тұрғанға не жетсін?! Сондықтан көше-көше болмаса да әр аумаққа бір-бір ойын алаңын салып берсе деген тілегіміз бар, – деді Әсия апа.
Әлбетте, бұл қалың бұқараның ортақ пікірі деуге болады. Əсіресе, жаздыгүні үй көрмей ойнайтын балалар шаршағанын білмейді. Тіпті, қараңғылық түссе де, үйлеріне барғысы келмейді. Сол себепті де балалар ойнайтын алаңдардың көп болғаны – балаға жасалған қамқорлықтың бірегейі. Осы тұста аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары Нұрбол Қосаевқа хабарластық.
– Биыл бізде ойын алаңдарына арнайы қаржы бөлінбеген. Бірақ, спорт алаңдары яғни жаттығу орталықтарына  бюджеттен 84 млн теңге бөлінді. Кент орталығы мен ауылдық округтерде қарастырылған, – дейді маман.
Естіген адамға 84 млн аз қаржы емес. Ойша жүгіртіп шықсақ, ауданның біраз бөлігіне жеткілікті секілді. Сонымен,  аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Махмут Рахымжановпен сөйлесіп, мән-жайды толығырақ білуге тырыстық.
– Аудандық бюджеттен 14 ауылдық округке тренажер құрылғылары орнатылды. Атап айтсақ, Манап, Қыраш, Келінтөбе, Байкенже, Кейден, Машбек, Сунақ ата, Шалқия, Төменарық, Жайылма сынды ауылдық округтерге орнатып, қаржысын игеріп қойды. Кент орталығында 7 ойын алаңы болса, оның бесеуі жөндеуден өтті. Ал, Ынтымақ пен Алтынсарын аймағында орналасқан спорт алаңдарында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ескірген құрылғыларды жаңартып, тағы керек деп табылғандарын әкеліп орнатып, газондарын жаңартып және балалар ойын алаңқайларын қоса орналастырып жатыр, – дейді бөлім басшысы.
Қош, жұмыстар жүргізіліп жатыр екен. Бірақ, бала қиялына қанат бітіретін ойындар балаларға кішкентай кезінен қоғаммен араласуды үйретеді және татулыққа тәрбиелейтінін ескерсек, қаншама балапандар дала кезіп жүр. Бұл біздің ғана емес, қарапайым халықтың пікірі. Әзірге санаулы ғана аймақта балалар ойын алаңы бар болса, өз алдына бір орталыққа айналып үлгерген Саяжай, МАИ бекеті, Қорғантоғай, Алтыкрант секілді шеткі аумақтарға қашан салынады? Бұл сұраққа кент әкімдігіне хабарласып, бас маман Қуаныш Нәрзілдаұлынан жауап алған едік.
– Жаңақорған кентінде 7 ойын алаңы бар. Оның бесеуіне 2022 жылы күрделі жөндеу жүргізілген. 2023 жылы екі спорт алаңын күрделі жөндеуден өткізіп жатыр. Тағы екі спорт алаңы салынып жатыр. Бірақ, оны жастар ресурстық орталығы ұйымдастырып, өздері салып жатыр. Негізі, бюджеттен арнайы ойын алаңына қаржы қарастырылмаған. 2024 жылға 4 ойын алаңы салу жоспарланып жатыр. Көпшіліктің сұранысы бойынша, Саяжай, МАИ бекеті, Жаңа ауыл және Қорғантоғай маңы деп болжап отыр. Алайда, бұл нақты емес, алда қоғамдық кеңеспен ақылдасып шешілетін дүние. Нақты биылғы жоспарда балалар ойын алаңын қалыптастыруға қаржы қаралған жоқ, – дейді бас маман.
Әлбетте, қуанышты жаңалықты естіген бойда Жастар ресурстық ортағының директоры Наурызбай Орынбасаровқа қоңырау шалдық.
– Ауданымыздағы өзекті мәселенің бірі – балалар ойың алаңы ғой. Қай жерге барсаң да көшенің бойында балалар жүгіріп ойнап жүреді. Кейде қатты өтіп жатқан көліктерді көргенде, әжептәуір алаңдап қалатынымыз жасырын емес. Сол себепті де, «Ипподром» аймағынан белгілі меценат Несібелі Жүсіпованың демеушілігімен үлкен ойын алаңы салынды. Қазір ол жер сәбилердің шат күлкісіне толып, балалар асыр салып ойнап жатыр. Одан кейін Алтынсарин аймағынан да салынып жатыр. Қазір аяқталуға жақын қалды. Көп ұзамай ол жерде балалардың алаңсыз ойнайтын мекеніне айналады деп сенеміз, – дейді Наурызбай Ерікұлы.
Игілікті істің қасынан табылған жанға Ипподром аумағының бүлдіршіндері дән риза. Осыған дейін ойнайтын орын таба алмай, үй-үйде отыратын балалар енді күндерін осы аумақта өткізіп жүр. Кішкентай балғындарға аталмыш алаңқайдың жазғы маусым қарсаңында қолданысқа берілгені де қуантып отыр.Сонымен қатар, «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ әлеуметтік жобасы бойынша салынған балалардың ойын алаңында 21 ойын және воркаут құрылғысы орнатылып, жұмсақ жабын төселген. Жобаның құны – 15 млн теңге.
– Уақыт өткен сайын тұрғындардың талабы артып келеді. Әсіресе, балалар ойын алаңына сұраныс артты. Біз осы бағыттағы жұмысқа мән береміз. Атом компаниясы игілікті іске мұрындық болғаны үшін алғыс білдіремін, – деп құттықтаған аудан басшысы Жолдаудағы әлеуметтің әлеуетін арттыратын 7 бағыт пен 5 бастаманы талдап берді.
Құжатта жүктелген міндеттерді іске асыруда атқарылатын жұмыстар жөнінде түсіндіріп, ауылдық округ әкіміне тиісті тапсырмалар берді. Сонымен қатар аудан әкімі соңғы бір жылда ауданда іске асырылған жобалар туралы баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Игілікті істің қасынан табылған жандарға кенттің бүлдіршіндері де дән риза. Бұдан былай өңірдің бұл бекетіндегі балалар да спорттық өз ойын алаңдарында асыр салып, құмарлары қанғанша ойнайтын болады.
Дереккөз: kyzylorda-news.kz
15 сәуір 2024 ж. 161 0