» » Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды



Жаңақорған ауданы әкімінінің №162-ж/қ өкіміне сәйкес 2023 жылдың 14 қарашасынан бастап Семсер Зұлпыхарұлы Сыздықов Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Семсер Зұлпыхарұлы 1987 жылы 27 қыркүйекте Жаңақорған ауданы, Аққорған ауылдық округінде дүниеге келген.
2009 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін "қаржы" мамандығы, 2011 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін "Жергілікті өзін - өзі басқару" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 - 2013 жылдары ECOFOOD COMPANY" ЖК бастығы болып бастаған.
2013 –2014 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының қаржы - шаруашылық бөлімінің бас маманы;
2014 – 2016 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру - инспекторлық бөлімінің бас инспекторы;
2016 – 2019 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және құқық қорғау органдарымен байланыс бөлімінің басшысы; 2019 – 2020 жылдары Қызылорда қаласы әкімдігінің "Қызылорда қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" КММ басшысы, 2020 жылдан осы кезге дейін Тасбөгет кентінің әкімі лауазымды қызметін абыроймен атқарған.

Семсер Зұлпыхарұлының жаңа қызметiне сәттiлiк тiлеймiз!
17 қараша 2023 ж. 254 0