Мектеп директорларының додасы қорытындыланды

Бүгін аудандық білім бөлімінде доданың қорытынды марапаттау кезеңі қорытындыланды.
Осы уақытқа дейін жиған біліктілігі мен тәжірибесі, бағы мен бабы қатар шапқан педагог-директорлар көпшіліктің қошеметіне бөленді.
Қорытынды нәтижесінде:
1-орын иегері: №286 орта мектебінің директоры Налибаева Лаззат Машбекқызы
2-орын иегері: №164 орта мектеп директоры Жанболат Ахметжанов Бекмағанбетұлы
3-орын иегері:
№221 орта мектеп директоры Жахудаев Нариман Үсенұлы
“Үздік жоба” , “Үздік сабақ” номинациясымен барлық білім беру ұйымдарының басшыларыда марапатталды!
Биік мінберден көрінген алғашқы 3 директор байқаудың облыстық кезеңінде аудан абыройын қорғады.
Осы ретте Бекжан Шахизатұлы білім саласының дамуына үлес қосып, келешектің тұтқасын ұстар шәкірттер тәрбиелеп, олардың жетістікке жетуіне ықпал жасап жүрген Сіздерге шынайы алғыс білдіремін!, — деп сөзін қорытындылап, аудандық білім бөлімі және білім қызметкерлері кәсіподағының “Алғыс хаты” және естелік сыйлықпен марапаттады.