» » Тәжірбие алаңы–шығармашылық шыңы

Тәжірбие алаңы–шығармашылық шыңы



Аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен №163 орта мектеп базасында шығармашыл мұғалімдердің облыстық тәжірибе алаңының аудандық кезеңі болып өтті. Сайысты аудан әкімінің орынбасары Нуридинов Бектас Балғабайұлы мен аудандық білім бөлімінің басшысы Есенбаев Бекжан Шахизатұлы ашып берді.
Сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеп,алаң ұйымдастырушыларына және №163 орта мектеп ұжымы мен директоры Шалысбаев Мұхтар Нұртасұлына алғысын білдірді. Аудандық тәжірибе алаңының шарттары мен ережесін сайыс ұйымдастырушысы білім бөлімінің әдіскері Тұртанова Пәтима Тұзақбайқызы таныстырып өтті. Алаң қатысушыларын "Туған жер", "Ана", "Ауыл","Мектеп" деген төрт топқа бөліп, тренинг арқылы бір-бірімен таныстырды. Топтар интелектуалды зияткерлік "Брейн-ринг" сайысы арқылы өз білімдерін сынап, жүлделі орындарды бөлісті. Шара одан ары "Алтын көмбе" командалық сайысы арқылы жалғасын тапты. Ұстаздардың жекелей қарым-қабілеті мен біліктілігі "Үздік коучинг","Авторлық бағдарлама","Идеялар аукционында" көрінді. Шығармашыл мұғалімдердің облыстық тәжірибе алаңының жұлдыздары №52 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Жұпарбаев Тұрсынбек, №221 мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жоланов Батырхан, №160 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қошанов Абзал сарапшылық жасады. Нәтижесінде үздіктер анықталып, марапатталды. Сайыс соңында алаң қатысушыларымен бірге аудандық тәжірибе алаңының Гимні орындалып, қорытындыланды.
17 желтоқсан 2023 ж. 228 0