Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Облыстық дебатта директорлар топ жарды

Облыстық дебатта директорлар топ жарды



«Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен Қармақшы ауданында 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесіне орай жалпы білім беру ұйымдарының мектеп директорлары арасында «Тәуелсіз ел болашағы – білімді ұрпақ» тақырыбында облыстық дебат турнирі өткізілді.
Білім басшыларының басын қосқан турнирдің мақсаты – білім саласындағы мәселелерді шешу жолдарын қарастыру, өзара пікір алмасуды мақсат етіпті.
Сөз сайысына түскен мектеп басшылары арасында ауданымыздан барған «Нар-Жан» фракциясы яғни Жахудаев Нариман мен Ахметжанов Жанболат ІІ орынды әрі Жахудаев Нариман «Үздік спикер» номинациясына ие болып, аудан абыройын асқақтатты.
Жеңіс тұғырынан көрінген жерлестерімізді аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бекжан Шахизатұлы арнайы қабылдап, жылы лебізін білдірді.
Білім саласының тізгінін ұстаған азаматтар марапаттарыңыз құтты болсын!
10 желтоқсан 2023 ж. 427 0