Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "13 градусқа дейін аяз болады": Қазақстанда алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

"13 градусқа дейін аяз болады": Қазақстанда алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Фото: xabar.uz
“Қазгидромет” мамандары Қазақстан бойынша 11-13 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстан аумағының басым бөлігі атмосфералық фронталды бөлімдердің ықпалында болады. Соған байланысты түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр болады. 11-12 сәуірде еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады.
Республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман, күндіз батыста, оңтүстік аймақтарда найзағай, орталықта, шығыста және оңтүстік-шығыста екпінді жел болады.
Еліміздің көп бөлігінде температуралық фонда айтарлықтай ауытқулар болжанбайды. Тек еліміздің солтүстік және шығыс аймақтарында 12-13 сәуірде түнгі уақытта ауа температурасы 1-13 аязға дейін төмендейді.
Бұған дейін орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде "Қазгидромет" мамандары су басқан өңірлердегі ауа райы болжамына талдау жасаған еді. 
"Бүгінде су деңгейінің көтерілуі Батыс Қазақстан, Атырау, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында жалғасып жатыр. Су объектілерінде мұздың еруі кептеліс құбылыстары, су деңгейінің ауытқуы мен жоғарылауы мүмкін. Кей жерлерде өзен арналарында қардың қарқынды еруі, сондай-ақ еріген судың шекті мөлшерден асып кету жағдайы сақталып отыр", – деді "Қазгидромет" мемлекеттік мекемесінің баспасөз хатшысы Алина Исмағұлова.
11 сәуір 2024 ж. 252 0