№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ҚЫЗЫЛША ІНДЕТІ ҚОҒАМҒА ҚАУІПТІ

ҚЫЗЫЛША ІНДЕТІ ҚОҒАМҒА ҚАУІПТІ


Қызылша – бұл өте кең түрде таралған инфекциялық ауру. Көбінесе балаларда кездесетін індеттің салдарымен күресу медицина мамандарының басты мақсатына айналды. Дене қызуы көтеріліп, мұрынның, көздің және тамақтың шырышты қабығы қабынып, теріде бөртпелер пайда болуы оның белгілерін білдіреді. Қазіргі таңда ең жұқпалы аурудың бірі – қызылшамен ауырып жатқан жерлестердің көбеюі алаңдатарлық жайт. Біз маман ретінде жұқпалы аурудан сақтану жолын ұсынғымыз келеді.

Инфекция ауа жолы арқылы берілетіні белгілі. Вирус сыртқы ортаға сөйлеген кезде түкірікпен, жөтелген, түшкірген кезде бөлінеді. Вирустың таралуы сыртқы ортаның тұрақсыздығына қарамастан, ауа толқынымен ғимараттың вентиляциялық жүйесі арқылы таралған жағдайлары белгілі.Инфекция көзі – ол айналадағыларға 2 күн инкубациялық кезеңнен 4-інші күнгі бөртпелер шығып ауырған адам. Ал 5-інші күнгі бөртпелері бар адам жұқтырмайды деп саналады. Бұл аурумен ауырып жазылған адам өмір бойы иммунитетін сақтайды. Қызылшамен ауырған аналардан туған балалар 3 айға дейін бұл ауруға шалдықпайды, өйткені осы аралық­та олардың қанында аналық антиденелер сақталады. Бұл аурумен ауырмаған және егілмеген адамдар қызылшаны жұқтыруға бейім болады және өзінің өмірінде кез-келген жаста ауырып қалуы мүмкін.
Бұл аурудың инкубациялық кезеңі жұқтырғаннан кейін бірінші белгілері пайда болғанға дейін, яғни 7 күннен 14 күнге дейін созылады.Есте сақтайтын ең маңызды жайт, ауру бөртпе шығудан басталмайды, ол суық тию белгілерімен басталады: дене қызуының 38-40 градусқа көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің болмауы, құрғақ жөтел, мұрынның бітуі. Кейініректе конъюктивиттің (көздің шырышты қабығының қабынуы) пайда болуы. Шамамен бірінші белгілердің шыққанынан 24 күннен кейін беттің шырышты қабығының (азу тістерінің қарсысында) ұсақ ақ дақтар пайда болады. Аурудың 3-5 күні ашық түсті бір-біріне өзара ұқсап кететін дақтар пайда болады. Ең алдымен олар құлақтың артында және маңдайда, содан кейін тез арада бет, мойын, дене және аяқ-қолға таралады. Ұсақ қызғылт дақтар тез арада үлкейіп, формасын өзгертіп, бір-біріне қосылып кетеді. Бөртпелердің қалың шыққан кезеңінен 2-3 күн өткеннен кейін дене қызуы қайта көтерілуі мүмкін. Бөртпелер 4-7 күн сақталады. Дақтардың орнында қоңыр пигменттер қалады, олар 2 аптадан кейін кетіп, тері қайта таза болады.
Қабыну балаларда 5 жасқа дейін, ал 20 жастан асқандарда жиі дамиды. Ең көп тараған түрі ортаңғы құлақтың қабынуы (отит), соқырлық, бронхтық пневмония, мойын лимфоузолдарының қабынуы, ларингит, энцефалит.
Қауіпті індеттен қалай құтыламыз? Ғалымдар дәлел­дегендей, алдын алудың ең тиімді және сенімді әдісі вакцинация. Қызылшадан егу вирусты жасанды жолмен тоқтату тәсілі, нәтижесінде ағза өзін қорғайтын иммунитет жасайды. Кейбір балаларда егуден кейін 6 күннен 20 күнге дейін дене қызуы көтеріліп, кейде конъюктивиттің және бөртпелердің пайда болуы байқалады. Бұл белгілер 2-3 күнге дейін сақталады, содан кейін бәрі жақсы болады. Бұл жағдайлар болуы мүмкін және олар қауіпті емес. Бірақ сонда да егуден кейін қандай да бір қабыну болса, міндетті түрде дәрігерге көріну керек. Ең алғашқы вакцинацияны балаларға 12 айлығында, екіншісі 6 жаста жасалады.

Гүлназ ЖОЛДАСБЕК,
Төменарық ауылдық ауруханасының мейірбикесі
09 сәуір 2024 ж. 245 0