Жүректің жылуы қымбат

Жаңақорған ауданы бойынша еріктілер бас қосып, су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жәрдем көрсету бағытында бастама көтерген едік. Төрт бірдей көлікке тиелген азық-түлік, жылык иімдер, дәрі-дәрмек, басқа да тұрмысқа қажетті бұйымдарды алып, нақ қазіргі күні осы құндылықтарға мұқтаж болып отырған бауырларымызға жеткізген ше асықтық.
Менің айқын көзім жеткені, кісінің кім екені осындай кезде сыналады. Өмірдегі ең қымбат құндылық – біздің бір-бірімізге деген ықыласымыз. Жүрек жылуына жер шалғайлығы кедергі етпейді. Ұйқымыз шайдай ашылып, алаң көңіл кешкен жағдайымыз аз да болса жеңіл деп, қолдан келген көмегімізді қосып қайтқанымызға қуанулымыз. Ел болып біріксек етектен алған қиындықты да еңсеругеболады. Көктемнің суығында басына күнтуған бауырлар ең алдымен жүрек жылуына зәру. Пейілімізден танбайық.
ДаниярДосантаев,
Жаңақорған аудандық мәслихатының депутаты.