№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорғаннан Ақтөбеге көмек

Жаңақорғаннан Ақтөбеге көмек

Табиғат тосын мінез танытпай тұрмайды. Көктемгі су тасқыны айтып келмейтін апаттар қатарында екені анық. Осы орайда еліміздің бірнеше өңірлерінде биылғы көктем мезгілі жайсыз басталып, бірнеше өңірлерді су басып, жұртшылықты алаңдатып отыр. Су тасқынынан зардап шеккен қалалар қатарын осы жылы Ақтөбе толықтырды. Артынша басқа да өңір ауылдары тасқын судың зардабын көріп, баспанасы мен мал-мүлкінен тірідей айырылды. Бір сөзбен айтқанда қаланы да, даланы да қызыл су басты.
Осындай сәтте су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек беру мақсатында «ЖАҢАРҒАН ЖАҢАҚОРҒАН ЖАСТАРЫ» қоғамдық қорының белді мүшелері, соның ішінде игі істің ұйымдастырушысы аудандық мәслихаттың жас депутаты Данияр Досантаев пен еріктілер, жаны жайсаң аудан тұрғындары, атымтай азаматтар мен белгілі кәсіпкерлер де заттай, қаржылай көмек беріп, «КҮШІМІЗДІҢ БІРЛІКТЕ» екенін көрсетті.
Бұл іске ұйытқы болуда аудандық мәслихат депутаттары мен Арман Әбілпейісұлы бастаған аудандық «AМANAT» партиясы да шет қалмады.
Ауданның бірнеше жерінен гуманитарлық көмек көрсету пункті ашылып, аудан халқы бір жағадан жең, бір жеңнен қол шығарып, үлкен көмек көрсетті.
Қоғамның жас мамандар кеңесінің бастамасымен қоғам қызметкерлері арасында қажетті заттарды сатып алуға қаражат жиналып, жиналған қаражатқа гуманитарлық жиынтықтар сатып алынды. Жүк көлігіне тиелген көрпе-төсек, жылы киім, шаруашылық, гигиеналық қажетті заттармен қоса, азық-түлік өнімдері де тиеліп барлығы 13 тонна зат 4 жүк көлігімен күні кеше жолға шықты.
Осы ретте игі бастамаға қол ұшын созған кент орталығындағы «ҒАНИ» «АЙСАРА» «БЕРЕКЕ»«ҚАРА БУРА» сауда орталығының иелері мен басқа да кәсіпкерлерге алғысымызды айтып, қашанда елдегі ушыққан ахуал кезінде көмекке мұқтаж адамдарға көмектесуде жақсылықтың себепкері болып жүре беріңіздер дегім келеді.
05 сәуір 2024 ж. 243 0