Тайғанақ уәдені табиғат көтермейді

Бейбіт күнде берекесі қашқан елдің осындай күйді бастан кешкен жағдайларына Мемлекет басшысы жан күйзелісін білдіріп, қвлың халықтан кешірім сұрады. Биліктің барлық буынында басшылықтың сенген адамдары міндетін адал атқвра білмеген жағдайдың түбі қайырлы болмайтынынң бұл бір анық мысалын көрсетіп отыр.
Биыл табиғат ылғал жағынан тарықтырмады.Қар да, жаңбыр да емен-семен мол жауды. Осы табиғи ресурсты тиімді жағына бұруға бағытталған технологиядан да, қаржы-қаражаттан да тапшылық көрер жайымыз жоқ. Тек оны іске қосатын сана интеллектісінің икемсіздігінен қысымен жиылған қарғын су иен далаға жайылып, жолындағыны жайпап өтіп, мал мен жанға орасан зор шығын әкелді.
Елдегі төтенше жағдайға орай шұғыл жиын өткізген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқынының алдын алуда шешімді әрекет жасай алмаған тиісті тұлғалардың атына ауыр сын айтып, қатаң сөгіс арқалатуының астарында осындай ащы ақиқат жатыр.
Баян Үсейінова