Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бесарық өзені–нағыз туристік аймақ

Бесарық өзені–нағыз туристік аймақ


"Қаратау" жоталарының бес жерінен, бұлақтан арыққа айналып, одан бір арнаға қосылып ағатын " БЕСАРЫҚ" өзені. Өріле ағып, 65 шақырым жердегі "Сырдарияға құйылып жататынын бала күнімізде талай көрген едік.
" Арыс" өзенінен кейінгі сол маңдағы солтүстік батысындағы үлкен өзендердің бірі болып есептеледі. Қызылорда облысының тау беткейіндегі ең үлкен өзен. Кезінде "Сауран" қаласын сумен қамтыса, бертін келе, бойында алпыс екі су диірмені халыққа қызмет жасап көшпенді қазақ елін ұн, талқан, түрлі жармалар өндіріп, бау - бақша тігіп, суы ел игілігіне жараған.
Суы тұщы, жаз мезгілдері суға түсуге қолайлы, бір шама жылы, мөлдір һам, таза. Су асты- шайылған құм мен майда "қаймақтас".
Бесарықтың басына іссапармен Израиль елінен "тамшылатып суару" жүйесін жүргізуге келген мамандар, суын көріп, алтынға балап кеткен екен.
Қазір де сол аққан қалпынан айни қойған жоқ. Тамаша ертегілер әлемі іспеттес жол - жол, жота-жота, үңгірлер мен қуыс, ойық, жабайы шие , алмұртты, түсті металдар қорымен, бар қазба байлықтарды қойнына бүккен "Қаратау" аңғарын ирлеңдеп тіліп өтіп, "Бесарық" су қоймасына жиналып , сол жерден қажетінше тапсырыспен егіс даласына, бау- бақшаға тарқатылады.
"Қызылорда облыстық олимпадалар және қосымша білім беру орталығы" ( бұрынғы аты "Талдысу" лагері) өзен бойына жақын маңда орналасқан. Төменде лагерге Ғазиз баламның лагерге жасаған кіші ахитектуралық әсем де көрнекі құрлымдары мен субұрқағын т. б. Әсемдік әлемінде жасалынған, бұйымдар мен ескеткіштер т.б. дүниелерді көруге ұсындым.
Төмендегі сызбада көрсетілгендей, Бесарық өзені бес арықтан (1. Күшігей, 2.Қара бұлақ, 3. Тұрдықұлдың бұлағы, 4.қарны жарық, 5. Қос күрең.)құралып, "Бесарық" аталған деседі. Өзен атауының шығу төркіні туралы ел аузында қалған осындай дерек бар. Өзен бойы жол- жол, үңгі-үңгір ертегілер әлемі спеттес ғажайып әлем, тарихи орындарға бай."Кемпір үңгір", " Таңбалы тас"( мелекет қоғауына алынған), "Кітан ұшқан" ,Бүркітті" т.б. толып жатқан тарихи орындар, талдап тарихын айтып отру ұзақ әңгіме. Өзеннің екі жағалауы , футбол алаңы еркін сиятындай жағалай кеңістік жап- жасыл жазық, таза су,таза ауа. Маса мен сона сияқты зиянкесті іздесең де табылмас - нағыз ТУРИСТІК АЙМАҚ!
* * *
Бұл мақаланы жазғандағы мақсатым- келешек ұрпаққа бұрын айтылған деректерді айна- қатесіз жеткізу. Тұнып тұрған табиғаты әсем және тарихи орындарға бай "Бесарық" өлкесін туристік аймаққа айналдыруға жақындату ғана.
24 наурыз 2024 ж. 279 0