№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қош келдің, Әз-Наурыз!

Қош келдің, Әз-Наурыз!


Наурыз мейрамы – Самарқанның көк тасы еріп, күн мен түннің теңесіп, тіршілік атаулы жанданып, табиғат қайта түлейтін шақ. Міне, жыл басы, Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз да келіп жетті. Бұл күнді күллі қазақ жұрты үлкен тойға ұластырып, дүбірлетіп, алты алаштың басын біріктіріп, ұлттық нақышта атап өтті. Жаңақорған төрінде де бұл мейрам көпке қуаныш сыйлады. Биыл кент орталығындағы “PRIME PARK” саябағына жиналған жаңақорғандықтар мерекелік кештің, қазақы салт-дәстүрдің куәсі болып, ұлттық тағамнан дәм татып, шат-шадыман көңіл-күймен атап өтті.
Биылғы Наурыз мейрамында саябаққа жиналған халықтың қарасы көп болды. Ағыл-тегіл келіп жатқан көпшіліктің жүздерінен мерекелік көңіл-күй сезіліп, таңнан саябақ төрінде болды. Әуелі ақ кимешек киген әжелер алаңда мерекенің сәнін кіргізіп, әуелете ән шырқан, жүріп өтті. Бірнеше киіз үй, алты шатыр тігіліп, мерекені тамашалауға келген халық наурыз көже, қымыз және басқа да қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты. 
 Мерекеге келген жұртшылықты аудан әкімі Мұрат Тілеуімбетов құттықтап, жылы лебізін білдірді.
– Құрметті жерлестер, қадірлі қауым!  Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Бұл күні тіршілік оянып, күн мен түн теңеліп, табиғат-ана жасарып, жаңарып, ерен еңбектің думаны басталады. Адамзат баласы сағынышпен қауышып, өкпе-реніштерді ұмытып, бір-біріне жылы лебізін білдіріп, өсіп-өнуін тілейді. Игі дәстүр бойынша біз де жаңа жылдан жақсылықтар мен жаңа жетістіктер күтеміз. Ұлыстың ұлы күні біз үшін қашан да ата-бабаларымыздың ұлағаты мен даңқын дәріптеген дәстүр ретінде қымбат. Жер бетінің қайта түлеп, табиғаттың арайлы шуағын шаша келетін шағы – адам баласына ерекше серпіліс беріп, рухани тазаруына ықпал етеді.
Ұлыстың ұлы күні – тәуелсіз қазақ елі үшін де жаңа жылдың символы, еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі. Биыл мемлекетіміз үшін айрықша кезең – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы. Бұл – біз үшін асқан мерейлі, ұлық мереке. Адамгершілік пен татулықты паш ететін Әз-Наурыздың қоғамдағы тұрақтылық пен бейбітшілікті нығайтудағы рөлі орасан зор. Еліміздің мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті Наурыз мерекесі әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Әз-Наурыз әр шаңыраққа шаттық нұрын себе келсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Тарихи тамырын тереңнен тартқан Наурыз мейрамы қай кезде де, қай заманда да еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің мерекесі болып келген. Бүкіл Шығыс халқына, барша түркі жұртына ортақ Наурыз мейрамы – жаңарған Қазақ елінің кешегісі мен бүгінгісін, ертеңі мен болашағын жалғастыратын басты мереке. Ұлыстың ұлы күні – қай кезеңде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің мерекесі болып, ұлттық дәстүрлеріміз бен әдетғұрыптарымыз жаңғыртылып, жалпы адамзаттық құндылықтар дәріптелген. Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамы елімізге, әрбір отбасына ауызбіршілік пен қуаныш, құтбереке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Наурыз мейрамы құтты болсын! – деп ізгі тілегін білдірді.
Одан әрі Манап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйі ұйымдастырған мерекелік кешке ұласып, көпшілік қауымға ерекше көңіл-күй сыйлады.  Ұлттық спорт ұлықталып, балғын білектілер бақ сынады. Қазақша күреспен қатар қол күрес, гір тасын көтеруден де жігіттер жалындады.
Наурыз – достық пен еркіндіктің мерекесі. Олай болса, Наурыз құтты болсын! Төрт түлік сүтті болсын. Асқа толсын қазаның, кең пейілді қазағым! Еңбегің жемісті болсын, жан-дүниең жаңарсын, көңілің сүттей ағарсын! Жаңа жыл ұлысты болсын. Еліміз ырысты болсын! Наурызда айтылған барлық тілек қабыл болады деген наным бар. Бір сөзбен түйіндесек, Наурыз-рухани жаңғыру айы. Рухани бай, өркениетті елге айналайық!

Әсел Рзаева
22 наурыз 2024 ж. 290 0