Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 537

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Наурыз мерекесі тойланды

Наурыз мерекесі тойланды

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі - исі қазақ үшін бағзыдан келе жатқан төл мереке. Жақсылықтан ниет еткен дана халықтың арман-мақсатының жаңа күйге еніп, жаңа күннен үміт күтетін ұлық мейрамы.
Ұлт руханиятына арттыру мақсатындағы жаңа жобалар аясындағы Наурыз мерекесінің ауқымын кеңейтіп, жоғары биліктен бастап барынша қолдау тауып жатқаны көңіл қуантады. Ата-бабадан аңсатып жетер жыл басы мерекесі Наурыз тойы N286 орта мектебінде кең көлемде аталып өтілді.
Сәні мен салтанаты жарасқан игі шараға аудандық білім бөлімі басшысы Бекжан Шахизатұлы мен сала мамандары, ата-аналар куә болды. Қазақ халқының тұтас тіршілігін арнайы прологқа сыйдырған мереке маңында әуезді ән айтылып, күмбірлеген күй ұлықталып, салт-дәстүр дәріптелді.
Мерекелік концерт соңынан мектеп директоры Ләззат Машбекқызы олимпиада жүлдегерлері мен мәдени-қоғамдық шараларға атсалысқан үздік оқушыларды марапаттап, арнайы шәкіртақы табыстады.
22 наурыз 2024 ж. 575 0