Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тәртіп тәрбие – бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы

Тәртіп тәрбие – бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы

Жасөспірімдердің тәртібі мен қауіпсіздігі аса маңызды міндет.  Осы мақсатта бүгін Жаңақорған ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен  №110 мектеп-лицейінде «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және қылмыс, нашақорлықтың алдын алу, интернет қауіпсіздігі мен суицид, зорлық-зомбылық, ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында жиналыс болды. Оған барлық білім беру ұйымдарының басшылары, тәрбие ісі-жөніндегі орынбасарлар, педагог-психологтар қатысты.
 Жиналысты бөлім басшысы Бекжан Есенбаев алғы сөз сөйлеп ашып, модераторлық етті.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – білім беру ұйымдарында құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу және бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері туралы  аудандық білім бөлімінің әдіскері Ераханқызы Ақниет баяндады.
Екінші: «Бала тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында хабарлама  №163 орта мектебінің директоры Шалысбаев Мұхтар Нұртасұлы сөз алып, өзекті тақырыпты ортаға салды.
Одан әрі, «Бала тәрбиесі баршаға ортақ»  тақырыбында хабарлама жасау үшін №56 орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Басхожаева Роза ұрпақ тәрбиесі төңірегінде ой қозғады. Жасөсіпірімдердің өмірге деген қызығушылығын арттырып, өнер-білімге ынтасын оятуда ата-ана мен ұстаздар қауымының бірлесе жұмыс істеуі маңызды. Сондай-ақ психологтар мен медицина мамандарын жұмылдыру арқылы келеңсіз жағдайдың алдын алуға мүмкіндік мол. Осы ретте, «Псхологиялық сүйемелдеу бағытында білім беру ұйымдарында балалардың өмір қауіпсіздігінің алдын-алу» туралы аудандық білім бөлімінің маманы Айнахожаева Аида баяндама жасады.
Жалпы жиынның мақсаты – кәмелетке толмаған жас өскіндердің болашағына балта шабатын заңсыз әректтерді алдын алып, тұрмысы төмен отбасыларға материалдық және психологиялық тұрғыдан демеу болуды көздейді. Жиын барысында қоғамдағы басқа да құқық бұзушылыққа әсері бар жағ­дай­лардан қалай сақтануға бо­ла­­тынын ортаға салған ко­миссия мүшелері мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайтып, бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеудің жолын сөз етті.
 
13 наурыз 2024 ж. 204 0