№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дала жұмысына дайынбыз

Дала жұмысына дайынбыз

Тіршілігі егін шаруасымен біте қайнасып жатқан жаңақорғандық диқандар дала жұмысына білек сыбана кірісті. Алдымен каналдарды тазалап алса, енді жер жыртуды бастайды. Бірер күннен соң кетпенін иығына асынып, егіс басына беттейтін егіншілердің дайындығын тағы бір пысықтап алуды жөн көрдік.
Жалпы ауданда ауыл шаруашылығымен айналысатын 781 шаруашылық құрылымы бол­са, соның 460-ы егіннен несібесін тауып отыр. Әсіресе, Сыр беткейде қоныстанған ауылдардың барлығы Жер Анадан нәпақасын теріп жүр. Бізде күрішке басымдық беріледі. Былтыр аудан бойынша 35 715 гектарға дән тасталса, биыл 36 026 гектарға ұлғайды.
– Биыл күріш 6 035 гектарға, күздік бидай 2 700 га, жаздық бидай 250 га, жаздық арпа 30 га, тары 276 га, дәндік жүгері 1 100 га, мақсары 1 600 га, күнбағыс 46 гектарға егілді. Сондай-ақ жаңа жоңышқа 4 450 га, ескі жоңышқа 16 296 га, сүрлемдік жүгері 22 га, судан шөбі 8 гектарды құрайды. Картоп 497 га, көкөнiс 646 га, бақша 2 100 гектарға жетті. 2024 жылы 1825 тонна күріш тұқымы егілетін болса, оның 600 тоннасы тазаланды. Атап айтқанда, 1330 тоннасы Лидер, 495 тоннасы Сыр Сұлуы, АйКерім, Маржан сорттары егілетін болады, – деді бас аграном Даурен Абибуллаев.
Минералды тыңайтқыштар мен гербицидтерге тоқталсақ. 2024 жылдың егісі үшін 4567 тонна минералды тыңайтқыштар қажет болса, оның 3085 тоннасы алыныпты. Арам шөптерге қарсы қолданатын гербицидтердің 2213 л/кг сатып алу жоспарлануда екен. Ең маңыздысы, аяқ су, сондықтан су жүйелерін тазалау бойынша біл­дік.
– 2023 жылы облыстық бюджеттен бөлін­ген 66,5 млн теңге қаражатқа 2 каналдың 18,8 шақырымы тазаланды. Аудандық шұғыл шығындарға арналған резервінен 2024 жылы күріш егісімен айналысатын 8 ауылдық округтен 52,6 шақырымды құрайтын 12 каналға 28,930 млн теңге бөлініп, бүгінгі күнге Аққорған, Қожа­кент, М.Нәлібаев ауылдық округіндегі каналдар толығымен тазаланды. Қазір бұл жұмыстар Жаңарық Қыркеңсе ауылдық округтерінде жалғасуда. Қалған жұмыстар көктемгі егіс науқанына дейін, яғни 15 наурызға толық аяқталатын болады.
Биыл республикалық бюд­­жеттен 488 млн қаржы бөлініп, Келінтөбе магистралды каналын қосымша сумен қамту үшін ұзындығы 6,1 шақырымды құрайтын жаңа канал қазы­лу үстінде. Мердігер мекеме – «Мұрат тех сервис» ЖШС. Ал су шаруашылығы мекемесі арқылы Тайпақкөл каналынан 3 шақырым, Келінтөбе магистралды каналының 1,4 шақырымы қожым тазалануда, – деді жауапты сала маманы.
Тағы айта кетерлігі аудан бойынша барлығы 37 насос қондырғысы бар екен. Белгілі болғандай Қожакент, Жайылма ауылдық округтерінде шамамен 100 гектар егістік алқаптарындағы мал азықтық дақылдарға жаңбырлатып суару және бақша көкөніс дақылдары үшін 35 гектар көлемге тамшылатып суару технологияларын қолдану жоспарлануда. Күріш егілетін талаптар бойынша 1000 гектарға жуық көлем лазерлі тегістеуден өтетін болады. Бұл атқарылатын шаралардың барлығы вегетациялық кезеңде су үнемдеу процестеріне негіз болатындығы анық.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес 2023 жылы 295 гектар жерлер жаңадан ашылып, отбасылық егістіктерге берілсе биыл бұл көлем 320 гектарға артқалы отыр. Нәтижесінде ауылдық округтер бөлінісінде 805 адам дайындалған егістік жерлермен қамтамасыз етілетін болады. Әртараптандыру егістіктерін суаруға қажетті дизельді және электрлі су насостары жеткілікті деңгейде.

Техника және жанар-жағар май


2024 жылдың қаңтар айындағы есеп бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қолында көктемгі дала жұмыстарына қатысатын 207 трактор, 82 соқа, 42дән сепкіш, 21 жүк көлігі және 101 трактор тіркемесі бар. Өткен жылы ауданның шаруашылық құрылымдары 2 комбайн, 16 трактор, 7 жүк тиегіш, 10 пресс подборщик ауылшаруашылығы техникаларын алды. Биыл шаруашылықтар өз қаржылары есебінен және «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 43,9 млн теңгеге 3 техника алса, 306 млн теңгеге 26 дана ауыл шаруашылығы техникаларын жаңадан алу жоспарлануда.
Көктемгі егіс және дала жұмыстарын жүргізу үшін, арзандатылған дизель отынына 173 ша­руашылық құрылымдары өтініш берген, оның 97-сі «ЖаңақорғанОil» ЖШС, 75-сі «Жібек Жолы LTD» ЖШС-гін, ал 1 қожалық «РК-Мұнай» ЖШС-гын таңдап, көктемгі егіс үшін жалпы 1422 тонна дизель отынына электронды жүйеде өтінімдер берілген.
Нақты мәліметтерге сүйеніп, дала жұмысына дайын екенімізді білдік. Қалғанын уақыт көрсете жатады.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
12 наурыз 2024 ж. 230 0