Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Киберспорт – бұл спорт

Киберспорт – бұл спорт

Азиаданың бір ерекшелігі – Олимпиада ойындарының бағдарламасына енбейтін спорт түрлері бойынша спортшылар бақ сынайды. Соның бірі – киберспорт.
2018 жылы Индонезияның Джакарта қаласында өткен Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет киберспорт еніп, Қытай спортшысы 2 алтын және Индонезия, Корея, Гонконг, Жапония спортшысы 1 алтын медальдан жеңіп алған-ды. Ханчжоуда қай елдің мықтысы дараланады екен, ә?!
E-sport немесе киберспорт – видео ойындарға негізделген командалық немесе жеке жарыс. Ханчжоуда виртуалды спорт түрі бойынша 7 медаль сарапқа салынады.
1972 жылы Стэнфорд университетінен бастау алған компьютер ойыны индустриясы қарқынды дамып, қатысушылар саны жылдан-жылға артып келеді. 2018 жылдың 25 маусымында Қазақстанда киберспорт ресми спорт түрі ретінде танылды.
Бәлкім, келешекте ақ тер, көк тер болып, жанды қинағанша, спорт түрлері виртуалды форматта өтетін болар. Бәрі де мүмкін...
09 наурыз 2024 ж. 248 0