Соңғы жаңалықтар

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

№21 (8935) 22

22 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » 61 ЖАСТАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖҮЛДЕМЕН ҚУАНТТАҒЫ

61 ЖАСТАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖҮЛДЕМЕН ҚУАНТТАҒЫ


Индонезия астанасы Жакарта қаласында өтіп жатқан ІІІ Пара Азия ойындарында қазақстандық 61 жастағы шахмат шебері Болат Қабыжанов ел қоржынан кезекті күміс медальді салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз хатшысы Раухан Тоғымбаева Фейсбук парақшасында жазды. 
«Болат Қабыжанов ІІІ Пара Азия ойындарының күміс медальін ұтып алды. Болат ағаның жасы 61-де. Ол бұдан бұрын шахматтан саңыраулар-мылқаулар арасында өткен Әлем чемпионатында күміс медаль алған болатын. Ол жарыс 2012 жылы Алматыда өткен еді», - деп жазады Раухан Тоғымбаева. 
Айта кетерлігі, шахмат биыл Пара Азия ойындарына бірінші рет енгізіліп отыр. 
Еске сала кетсек, қазақстандық пара жүзушілер Индонезия астанасы Жакарта қаласында өтіп жатқан ІІІ Пара Азия ойындарында бесінші алтын медальды жеңіп алғанын бұдан бұрын жазған едік. 
12 қазан 2018 ж. 1 345 0