Құрылтай

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Жайдарман ойыны Жаңақорғанда

Жайдарман ойыны Жаңақорғанда

Жаңақорған аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ қолдауымен, «Жаңақорған КВН» филиалының ұйымдастыруымен Ордакент ардагерлер, жастар ресурстық орталығында Жайдарман 1/4 финалдық ойындары өтті. Ойынға 9 команда қатысып, Шиелі ауданы, Кентау қаласынан қонақ командалар да өнер көрсетті. Ойын нәтижесінде үздік деп танылған Шиелі командасы Паксуши орталығының кубогы мен қаржылай марапатына ие болды.
Ойында әділ қазылар мүшелері ретінде М. Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінің қызметкері Тохтар Ажимұратов, белгілі жайдарманшы Есқара Бейбітов, жас кәсіпкер Біржан Қалжанұлы, Жастар ресурстық орталығының аға кеңесшісі Мақсат Құлмырзаев төрелік етті.
Келесі 1/2 ширек финалдық ойында өнер көрсететін барша командаларға сәттілік тілейміз!
06 наурыз 2024 ж. 240 0