Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Алғыс айту парызым

Алғыс айту парызым


Алғыс айту күнінің басты мәні – тарихқа құрмет, сонымен қатар ұрпақтар сабақтастығы мен іргесі берік ел бірлігін нығайту, отандастарымыздың бір-біріне кіршіксіз алғыс сезімін арнауымен құнды. Көктемнің алғашқы мерекесі «Алғыс айту» күніне арналған мәдени шараға жиналған жұртшылық осындай көңіл-күйде тарқасты.


Бұл күн қазақстандық патриотизмнің, достық пен бірліктің, мәдени саналуандығымыздың жарқын күні. Шуақты мерекеде бір-біріне алғыс айтып, рақметін білдіруге ниетті жандардың мерейі тасыды. Осындай құрметтің үлгісін М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен түрлі ұлт өкілдерінің тілегі бір арнада тоғысқан тағылымды кеште сезіндік. Ешбірі өзін «түрік», «орыс», «кәріспін» деп тұрған жоқ. Бәрінің жүрегі «қазақ» деп соғады. Кеш шымылдығы ХХ ғасырдың 30-50 жылдардағы қазақ даласының тарихын суреттеген бейнебаянмен түрілді. Ел-елден жер ауып келген әр түрлі этнос өкілдерін төріне шығарып, бір атаның ұрпағындай туыс боп өмір кешкені керемет әсер қалдырды. Әлі де осы ұрпақ сабақтастығы жалғасып келеді.
Жаңақорған топырағында өзге деп өзегінен теппей, қайта ағайындай араласып кеткен өзге ұлыс жетерлік. Бір мүдде жолында ортақ жүкті көтеріп жүрген жерлестерді аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов құрмет биігіне көтерді.
– Бұл күн қазақстандықтардың бір-біріне деген сыйластығының, елдегі тұрақтылықтың белгісі іспеттес. Бұл тек алғыс айту күні ғана емес Тәуелсіз елде тату күн кешіп жатқан халықтың тарихына деген құрмет. Баршаңызды, көктемнің шырайлы күнімен бірге келіп жеткен «Алғыс күні­мен» жын жүректен құттықтаймын, – деді ол.
Құттықтау сөзден кейін, әртүрлі салада еңбек етіп жүрген біршама қызметкер­лер мен зейнеткерлер аудан әкімі және «АМАNАТ» партиясының «Алғыс хатымен» марапаттал­ды. Солардың қатарында Эльмира Әбитаева, Виктория Тоняева, Айдос Жамбылұлы, Эльмира Төлендиева, Айгүл Төлепбергенова, Наталья Ким, Нұржамал Асубаева, Тоғжан Алпамысо­ва, Жалғас Сағындықов марапат мінберінен көрінді. «Аманат» париясы Жаңақорған аудан­дық филиалының төрағасы Арман Мәжитов партияның атынан сөз алып, айтулы мерекенің мән-мағынасын терең ұғындырды. Әрі бірқатар азаматтарға партия­ның «Алғыс хатын» табыстады. Еңбек ардагері Айзада Сақтағанова, Оразкүл Алдабергенова, Роза Басқожаева, Ғалымжан Ахметов, Бағлан Кембілбеков, Бауыржан Нә­лібаев, Сағи Тұрсынбай, Жанатбек Зертүймеев, Ақнұр Жұмаділлаева, Меруерт Оспанова, Лаура Ильясова, Зерегүл Жулекбаева марапат мінберіне көтерілді.
Одан әрі сахна төрінде әсем әндер әуеледі. Қазақ, орыс пен өзбек, қырғыз әуендері көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мың бұралған бишілер түрлі ұлттың биін сахнаға шығарды.
«Алғыс айтқым келеді» атты концерттік бағдарламасында «Әншілер» тобы орындаған «Бір үйдің баласындай» әні, Әбілқайыр Сыздықовтың сөзіне жазылған «Алғыс айт» әні жүрекке жетті. Өнерпаз жастар тобы «Алғыс бәріне» әнімен кешті қорытындылады.

– Нағыз алғыс жылы жүректен, риясыз көңілден шығады. Сондықтан құрмет көрсетіп жатқан аудан әкіміне рахметімді айтам. Жалпы, қазақтың жерінде тұратыныма Жаратқанға тәубе етемін. Әсіресе, бір шаңырақтың астында тамырлы туыстай етіп ұйытып отырған жерлестерге алғысым шексіз. Сол үшін де шүкір деймін. Менің келбетім өзге болғанымен жаным қазақ, – деді Наталья Ким Төменарық ауылының тұрғыны.

Бүгінде Жаңақорғанда 19 өзге ұлыс 551 тұрғын тұрады. Оның ішінде, түріктер – 165, орыс – 149, кәріс – 84. Барлығының да қиын-қыстау кезеңде ата-бабаларына суықта пана, ыстықта сая болған қазақтай дархан халыққа алғысы риясыз.
Түйіндей айтқанда, татулық пен достыққа бастаған ізгі шараның тәрбиелік мәні зор.
Алғыс айту күні – халықтар достығын, ынты­мағын нығайтып, ел мүддесін ортақ бір арна­да тоғыстыратын мерейлі мереке. Оның аста­рында өзара құрмет пен сенімді ту еткен қазақстандықтарды біріктіруші күш, ізгілікке шақырар ілтипат, сезімге толы сенім жатыр.

Мақпал МАРҚАБАЙ
01 наурыз 2024 ж. 184 0