№50 (8864) 9

09 шілде 2025 ж.

№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ БАЛАЛАР ТЫНЫҒУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ БАЛАЛАР ТЫНЫҒУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов және облыстық мәслихат депутаттары Jankeldi O. YsqaqAida Abibullayeva , Гульшат МусаеваЕржан Искендер мәслихаттың экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес, Қызылорда облысында орналасқан балалар тынығу орындарының жұмыс жағдайымен танысу мақсатында Жаңақорған ауданында болды.

Аудан әкімі Мажит Самитов, аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Жарқынбек Ғалымжан, облыстық білім басқармасы басшысы орынбасарының уақытша міндетін атқарушы Бекжан Есенбаев және аудандық білім бөлімінің басшысы Нариман Үсенұлымен бірге алдымен Шалқия кенті, Құттықожа елді мекеніндегі «Тау самалы» және Жаманбай батыр ауылдық округіндегі "Талдысу" балалар тынығу орнында болып, жаз мезгілінде балалардың демалысын ұйымдастыру бағытындағы жұмыс барысы және материалдық - техникалық базасымен танысты.

Айта кетейік, Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің «Тау самалы» балалар тынығу орны 1954 жылдан бастап жұмыс жасайды.
Әрбір ауысымда 80 бала қабылданады. Демалыс орны жазғы уақыт аралығында 1 маусымнан бастап, тамыз айының соңына дейін 8 ауысым бойынша барлығы 640 бала қабылдау жоспарланған.

Ал «Талдысу» балалар тынығу орны 300 орындық демалыс орны, 2 қабаттық типтік жобадағы 4 корпустан тұрады. Мұнда балалар жазғы демалыста тынығу, сауықтыру қызметтерімен қамтылып, қосымша білім алуға және бос уақытын көңілді өткізуге арналған түрлі іс-шаралармен айналысады.

Барлық балалар тынығу орны аумағында жазғы ойын алаңдары, спорттық жаттығу аймақтары қарастырылған. Сондай-ақ шығармашылық үйірмелер мен мәдени іс-шаралар арқылы балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік жасалған.
03 шілде 2025 ж. 80 0