Соңғы жаңалықтар

№2 (8916) 10

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (8915) 6

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (8914) 31

31 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Асыл анам, есіл анам,

Асыл анам, есіл анам,

"Анашым! Асыл анам, есіл анам, Елжіреп есіркеймін, есіме алам. Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді Ақтамасам, боп жүрмін несіне адам", деп Мұқағали ақын жырлағандай әр адамның ананың алдындағы парызы бар екені рас. Қазақ халқы ананы құрметтеуге, қадірлеуге үндеген.
Сондықтан аналардың қоғам алдындағы алар орыны ерекше, атқарар рөлі ұшан теңіз, ел мен елді елдестіруші, дәнекерлеуші. Ағымдағы жылдың 28 ақпанында аудандық әйелдер кеңесі құрамымен 2024 жылдың жоспарын талқылау, маңызды іс-шаралар бағытындағы жұмыстар, қоғамдағы түйіткілді мәселелердің оңтайлы шешілу жолдары, аналар рөлін айшықтау бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін әр сала бойынша тоқталып пікірлер ортаға салынды. Алдағы уақытта атқарылатын ағартушылық кеңестерге, шығармашыл бастамаларға, азаматтық қоғам қағидаттарын жүзеге асыруда әріптестікті дамытуға қолдау көрсету жұмыстарында сәтті, нәтижелі қорытындыларға қол жеткізу міндеттелді.
28 ақпан 2024 ж. 337 0