№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Отбасы құндылықтары талқыланды

Отбасы құндылықтары талқыланды



А.Сопыбеков атындағы аудандық кітапханада "Отбасы құндылықтары" тақырыбында кент және ауылдық округ әкімдіктерінің әлеуметтік сала мамандары, Жастар ресурстық орталығы мамандары, аудандық емхана және жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Кездесу барысында отбасы және тұрмыстық зорлық-зомбылық жайында жазылған кітаптар көрмесі таныстырылды.
Жаңақорған ауданы отбасын қолдау орталығының директоры Н. Бұлдырықов орталықтың алдағы міндеттері мен тиісті мекемелермен бірлесіп атқаратын шаралары жөнінде айтып өтті. Сала мамандары отбасы құндылықтары, отбасындағы бала тәрбиесі, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері тақырыптарында сөз қозғап өтті.
Шара соңында алдағы уақытта тиісті сала мамандарымен бірлесіп атқарылатын шаралар нақтыланып, жоспарлар ұсынылды.
09 наурыз 2024 ж. 634 0